Клебанов Екібастұз тұрғындарына өтемақы төлейді. Тоқаев талап қойды

Dalanews 12 дек. 2022 08:35 801

Президент Тоқаев Екібастұз жылу электр орталығының қожайыны олигарх Александр Клебановтан қала  тұрғындарына өтемақы төлеуді талап етті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"ЖЭС пен желілер иесінің жауапкершілігіне бөлек тоқталғым келеді. Құнсыздануы 90 пайыздан асатын Екібастұз жылу электр орталығын мемлекетке 1 теңгеге сату туралы ұсынысты тексеру қажет", - деді Тоқаев  үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бұл нысанға тәуелсіз аудит жүргізу керек екенін атап өтті.

"Тозығы жеткен орталықты Үкімет тиімді басқара ала ма, ең алдымен, осыны анықтау керек. Кәсіпорынның 50 пайызын алып, меншік иесіне Жылу электр орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырған жөн", – дейді Тоқаев.

"Екібастұз қаласының тұрғындарына келтірілген шығынды өтеу меншік иесі мен республикалық бюджет арасында бөлінсін.

Соңғы жылдары қожайындары ешнәрсе жасамаған әрбір маңызды инфрақұрылымдық нысанды Үкімет жан-жақты қарастырып, шешім қабылдауы керек.


Осындай жұмыстарды облыс әкімдері жергілікті жерлерде де жүргізетін болады", - дейді мемлекет басшысы.

27 қарашаға қараған түні Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы 30 градустық аязда жылу электр орталығындағы қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалған. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Дәл осы күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған.

30 қарашада мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Александр Клебановтың Екібастұз жылу-электр орталығын 1 теңгеге мемлекетке сатуға әзір екенін мәлімдеген.

“Ол нысанды мемлекет меншігіне 1 теңгеге беруге дайын екенін мәлімдеді. Біз бұлай болмайтынын айттық. Нысанды меншігіне алған кездегі тозу деңгейі мен қазіргі тозу деңгейін салыстырып, айырмашылықты төлеу керегін жеткіздік. Екіншіден, ол Екібастұз тұрғындарына моральдық өтемақы төлеуі керек", – деген ол.

https://dalanews.kz/aimak/84386-astanany-orkendetude-zhudyryqtay-zhum

 

Рекомендовать
Последние новости