Кейбір әйелдер Баян Есентаеваның сөзіне сенбейді

Dalanews 15 сент. 2016 04:46 1000

"Феминистік лига" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Есентаеваның сөздеріне сенбейтінін айтты. Бұл жайында sn.kz сайты хабарлады.

Танымал продюсер жуырда тележүргізуші Динара Сәтжанға берген сұхбатында "күйеуіммен болған оқиғадан кейін құқық қорғау ұйымдарының бірде-бірі маған хабарласқан жоқ" деп мәлімдеген болатын.

Бірлестік төрайымы Галина Морозованың айтуынша, Баянның өзі ешқашан ешқандай ұйыммен байланыспаған.
"Баянға ешкім қол ұшын созбады дегенге сенбеймін. Өйткені, Қазақстанда дағдарыс орталықтары, сенім телефондары, жедел желілер жетіп артылады. Егер ол бұған дейін сол орталықтарға хабарласып, күйеуінен жиі зәбір көретінін айтса міндетті түрде оған ақыл-кеңес берілетін еді. Нақты кімнен көмек сұрапты? Неге айтпайды? Ол қанша жылдан бері жәбірленген, зорланған, күйеуінен зәбір көрген әйелдерді көрсе де оларға көз жұма қарап келді, өзінің басына түспейінше олардың азабын сезінген жоқ", - дейді Галина Морозова.

Аталған сұхбатында Баян Есентаева "маған бірде-бір құқық қорғау ұйымы көмектескен жоқ, сондықтан мұндай ұйымды өзім құрып аламын" деген болатын. Осылайша ол тұрмыстық жанжалдан зәбір көрген әйелдерді қорғайтынын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, Баян Есентаеваны күйеуі Бақытбек Есентаев 10 маусым күні Алматыдағы әуежайдан қайтар жолда өлімші етіп сабап, пышақтап тастаған болатын. Ауыр халде ауруханаға жеткізілген продюсер тек бірнеше операция жасалғаннан кейін ғана өзіне келді. Жуырда ол сол оқиға кезінде күйеуінің зорлағанын да айтқан болатын. Қазір Алматыда Бақытбек Есентаевтың сот процесі басталып кетті. Оған кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылуда.

Рекомендовать
Последние новости