Келес ауданындағы келелі кездесу

Dalanews 30 нояб. 2018 10:41 968

30 қараша Келес ауданының Біртілек ауылдық округінде орналасқан Т.Бегманова жалпы орта мектебінің думан залында Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігі, Келес ауданы Өзбек этномәдени бірлестігі кеңесінің мүшелері және аудан халқымен кездесу жиыны болып өтті.

Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Сексенбаев төрағалық еткен жиынға, Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының орынбасары Давранбеков Хамрақұл, Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының қоғамдық жұмыстар жөніндегі орынбасары Сергалиев Жабборқұл, Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасының спорт жөніндегі орынбасары Ишмуратов Ғафуржон сондай-ақ аудан тұрғындары қатысты.

Жиын барысында «Бауырлас ел» фильмінің презентациясы көрсетіліп, 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауын насихаттау, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын халық арасында кеңінен насихаттау сондай-ақ өзбек этномәдени бірлестігінің 2018 жылдың 10 айында атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.

Келес ауданы Өзбек этномәдени бірлестігіне еңбегі сіңген бірқатар азаматтар Түркістан облысы Өзбек этномәдени бірлестігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды. Жиын соңында Келес ауданы әкімінің орынбасары Алмас Икрамұлы көңіл бөліп ауданымызға келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, алғысын айтып, аудан тұрғындарын Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтады.

 

Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости