Келер жылға қалтырмайық! Назарбаевтың ісі мен өзін культ жасау осымен тәмам болсын!

Dalanews 03 сент. 2022 17:47 1349

Назарбаев кезінде кері кеткен біраз дүниені түзетіп, өзгертумен 2022 жылды аяқтайық деп тұрмыз.

Егер осы іске шындап кіріссек аянып қалмайық. Облыс орталықтарындағы Назарбаевтың атымен аталатын көшелерді «Азаттық», «Тәуелсіздік» деп өзгертейік (Алматыдағы Назарбаев көшесін Фурманов деп ескі атын қайтара аламаймыз ғой). Бұрынғы атауы қазақы болса оны қайтарайық!

Кеңес өкіметінің шекпенін шықанымызға 30 жыл болса да декоманизация жүргізе алмадық. Бұл істі бастасақ, Путин орынан өре түрегелеме деп қорықтық.

Ал Назарбаевтың атынан арылуды бастап кетсек, ешкім қолымыздан қақпасы анық. Бәрін осы жылы бітірейік. Келесі жылға қалдырмайық.


Ай сайын Назарбаевтың атымен аталатын көшелердің атын қайтарып, басқа атау беріп істі сағызша созатын болсақ, деназарабаевзация 10 жылға созылуы мүмкін. Ал біздің бұлай ойын ойнап жүретін уақытымыз жоқ.

Елорданың атын күзде қайтарып, әуежайдың атын қыста өзгертіп, халық алдында саяси ұпай жинау енді болмасын! Бәрін жыл аяғына дейін аяқтайық.

Назарбаевтың Әнұранға жасаған корректировкасын да алып тастайық (Жұмекен Нәжімеденовтың әруағы бір риза болып қалары анық).

Алматыдағы Орталық алаңдағы және Бәйтеректің ұшар басындағы атамыздың быттиған қолын да күресінге тастайық. Елордадағы Орталық мұражайда тұрған мүсінді де жертөлеге түсірейік.  


Назарбаевтың ісі мен өзін культ жасау осымен тәмам болсын! Осыған келісесіздер ме?

Содан кейін ақ парақты ашып, алаңсыз Жаңа Қазақстанның тарихын бастауға болады.

Нұрлан ӘУБӘКІР

Рекомендовать
Последние новости