«Kcell» су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсеттіі

Жарбол Кентұлы 30 мар. 2024 17:18 8062

Қазақстандық ұялы байланыс операторы Kcell компаниясы қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға қолдау көрсетіп,су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына тегін байланыс пен интернет ұсынды.

Айта кету керек, бұл оператордың әлеуметтік жауапкершілігінің алғашқы бастамасы және жалғыз көрінісі емес. Компания бұған дейін 2022 жылы қаңтар оқиғасы мен сол жылдың қыркүйегінде Қостанай облысында болған өрт кезінде қазақстандықтарға көмек көрсеткен.

Республиканың бес облысындағы су тасқыны болып жатқан қалалар мен елді мекендердің тұрғындарына мобильді оператор 10 гигабайт интернет-трафик, кез келген оператордың желісіне 50 минуттық қоңырау, сонымен қатар 50 тегін SMS-хабарлама ұсынды.

Мұндай маңызды қолдауңа Ақмола облысындағы Көкшетау қаласы, осы аттас облыстағы Абай ауданы, бүкіл Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қобда, Ойыл, Мұғалжар және Темір аудандары, сондай-ақ Ақтөбе қаласы, сонымен қатар Қостанай облысының Арқалық, Амангелді және Жангелді аудандар ие болды.


Шынында да, бұл ұялы байланыс операторының бірінші және соңғы қадамы емес. Мысалы, 2022 жылы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде Kcell де қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарды қолдау үшін бірқатар қолдау шараларын қабылдаған болатын.

Ал сол жылдың қыркүйек айында Қостанай облысындағы өрт кезінде компания облыстың 220 мыңнан астам тұрғынына тегін қоңырау шалып, интернет-трафикті қамтамасыз етті.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптада су тасқынына байланысты Батыс Қазақстан және Абай облыстарының бірқатар елді мекендерінде төтенше жағдай, ал Қостанай және Ақтөбе облыстарында табиғи төтенше жағдай жарияланған болатын.

«Кселл» АҚ баспасөз қызметі

 


Рекомендовать
Последние новости