KATEV: Фетхулла Гүленге қатысымыз жоқ

Dalanews 27 июл. 2016 09:32 947

Қазақстандағы бірнеше орта және жоғары оқу орнына демеушілік әрі басшылық етіп отырған KATEV халықаралық қоғамдық қоры Түркия билігі айыптайтын діни жетекші Фетхулла Гүленге қатысы жоғын мәлімдеді.

Бұл туралы елдегі 29 қазақ-түрік лицейі, «Нұр Орда» жеке меншік қазақ-түрік мектебі мен екі колледж, Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университетке демеушілік әрі басшылық етіп отырған KATEV қорының тәрбие ісі жөніндегі вице-президенті Нұрбол Төлебаев Азаттыққа берген сұқбатында айтқан.

- Фетхулла Гүленмен ешқандай, қаржылық та байланысымыз жоқ. Бірақ интернет арқылы Фетхулла Гүленді бәрі біледі ғой. Философ ретінде, осы дүниежүзінде ашылып жатқан мектептердің кезінде бір жақсы пікірлері болған шығар. Бірақ Қазақстандағы мектептер Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркияның бұрынғы президенті Тұрғұт Өзалдың келісім-шарты бойынша ашылған мектептер. Мұны Фетхулла Гүлен немесе Сүлеймен Демирел, я Режеп Ердоған келіп ашқан жоқ. Гүленнің кітаптары мен ілімдерін де оқытпаймыз, - дейді Нұрбол Төлебаев.
Түркияда болмай қалған мемлекеттік төңкеріс әрекетіне Анкара АҚШ-та тұратын теолог Фетхулла Гүленді айыптаған.

Көп ұзамай Түркия билігі Орталық Азия елдері биліктерінен «гүленшіл» дейтін оқу орындарына деген «көзқарасын өзгеруді талап етіп», «гүленшілердің төңкеріс жасау пиғылы барын" ескерткені туралы мәлімдей бастаған. Соңғы жылдары кей елдерде түрік оқу орындары жабыла бастаған.

Анкараның Фетхулла Гүленге қатысты талабын Қырғызстан сыртқы істер министрлігі «мемлекеттіміздің ішкі ісіне араласу» деп білетінін мәлімдеген.

Рекомендовать
Последние новости