Каспий жағалауында итбалықтар қырылып жатыр

Қаракөз Амантай 04 нояб. 2025 09:29

Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауынан 112 өлі итбалықтың денесі табылды. Бұл туралы облыстық экология департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Итбалықтардың өлі денелері Асан ауылымен Баутино мүйісінің аралығынан табылған. Экологтар теңіз суынан сынама алып, зертханалық талдауға жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Каспий теңізі жағалауында балықтар жаппай қырылған еді.

Форт-Шевченко қаласының Түпқараған ауданы аумағында теңіз жағалауынан табылған өлі балықтардың видеосы әлеуметтік желілерге жарияланды.

7 шілде күні оқиға орнына облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары барды. Олар балық шаруашылығы басқармасының қызметкерлерімен бірге теңіз суынан сынамалар алды.

Экологтар зерттеу нәтижелерін қосымша хабарлайтынын айтты.

Еске сала кетейік, 1 мамыр күні Каспий жағалауынан 88 итбалықтың өлігі табылған болатын. Ал 9 мамырда Түпқараған ауданының тұрғындары тағы ондаған өлі итбалық пен құсты байқап, дабыл қаққан.

Мамыр айының соңында Форт-Шевченко қаласы маңындағы жағалауда екі күннің ішінде 117 өлі итбалық табылды. Балық шаруашылығы комитетінің мәліметінше, бұл жануарлар 2024 жылдың қараша-желтоқсан айларында өлген.


Рекомендовать
Последние новости