Kaspi.kz Қытай бойынша QR код жүйесін іске қосты

Қаракөз Амантай 30 апр. 2024 14:37 4819

Қытайға баратын қазақстандықтарға бұдан былай қолма-қол ақша немесе картаны алып жүрудің қажеті жоқ. Енді Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы Қытай дүкендерінде, кафелерде, таксилерде және басқа да 80 миллионнан астам нүктеде QR код арқылы төлем жасауға болады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Көптеген қазақстандық Қытайда жұмыс істейді, білім алады және демалады. Біз сүйікті тұтынушыларымыздан шетелде төлем жасау өз еліміздегідей оңай болса деген пікірді жиі назарға аламыз. Сондықтан AliPay+ компаниясымен серіктестік орнатып, әрбір қазақстандық үшін жаңа қызметті іске қостық. Енді Kaspi.kz мобильді суперқосымшасының көмегімен Қытайдың түкпір-түкпіріндегі сауда нүктелерінде кез келген тауар ақысын төлеуге болады. Біз серіктесіміз AliPay+ -ке серіктестік үшін, ал сүйікті клиенттерімізге бізбен бірге болғаны үшін алғыс айтамыз!", – деді Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

Ал Қытайдағы Ant International компаниясының бас директоры бұл көпшілік үшін жағымды жаңалық екенін алға тартты.

"Alipay + Kaspi.kz пайдаланушылары үшін Қазақстандағы жетекші үздік Kaspi.kz қосымшасымен серіктестік орнатқанын қуана хабарлайды. Бұл серіктестік Kaspi.kz-ті пайдаланушылар үшін саяхат пен сатып алу сапасын жақсартады.

Біз саяхат, сауда және коммерция арқылы адамдар мен қауымдастықтарды жақындастыру үшін инновациялық технологияларымызды дамытуды, қызмет көрсету сапасын жақсартуды жалғастыра бермекпіз", – деді Қытайдағы Ant International компаниясының бас директоры (Venetia Lee, Greater China General Manager of Ant International) Венеция Ли.

Тұтынушыға сатып алған зат ақысын төлеу үшін Kaspi.kz қосымшасын ашып, AliPay+ қызметін таңдап, сатушыға QR кодты сканерлеуге мүмкіндік беру қажет. Сонымен қатар сатушының QR кодын сканерлеуге болады.

Kaspi QR көмегімен Қытайда сатып алған зат ақысын қалай төлеуге болатыны туралы толығырақ Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы Гид бөлімінен оқуға болады.


Рекомендовать
Последние новости