Кәсіпкерлік сала аудан экономикасының дамуына сүбелі үлес қосуда

Dalanews 16 нояб. 2018 09:15 936

Ордабасы ауданында 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктегі кәсіпорындардың жалпы саны 10 248 нысанды құраса, олардың арасында белсенді шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының саны 9 587 нысанды құрады.

Заңды тұлға – 553 нысан, дара кәсіпкерлер – 2 895 және шаруа (фермер) қожалықтары – 6 139 нысан, бұл жалпы тіркелген кәсіпорынның 93,5 пайызын құрады. Осы құрылымдар бойынша жұмыспен қамтылған адамдардың саны 21 952-ні құрп, ауданда кәсіпкерлік сала маңызды орынға шығып отыр.

Ал шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім (жұмыс, қызмет) көлемі 38 млрд 829 млн. 300 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,5 пайызға жетті, одан түскен салық көлемі – 582 млн. 400 теңге жеткен.

Жергілікті деңгейдегі кәсіпкерлермен шағын несие ұйымдары арқылы 5 160 адамға 2 млрд. 450 млн. теңге несие қаржысы берілген. Бір ғана «Оңтүстік» АИО және «Ырыс» МҚҰ» арқылы 26 адам 152 млн теңге игеріп, кәсібін дамыту мүмкіндігіне ие болғанын айта кетуіміз керек.  «ҚазМикроФинанс» (КМФ) Төрткүл филиалы арқылы 1 692 адам – 656 млн. 100 мың теңге, Темірлан филиалы арқылы 3 228 адам – 1 млрд. 321 млн. 100 мың теңге. «Арнур кредит» несие ұйымы арқылы 158 адам – 108 млн. 400 мың теңге несие алды. «Төрткүл несие» ЖШС арқылы 6 адамға - 19 млн. 200 мың теңге, «Агронесие Ордабасы» ЖШС арқылы 8 адамға - 43 млн. 200 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ЖШС арқылы 44 адамға - 150 млн. теңге несие берілді.

 

Dalanews.kz

Рекомендовать
Последние новости