Түркістан облысында полиция бопсалау қылмысына күдікті блогерді ұстады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Түркістан облысында жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен шымкенттік блогер ұсталды.
Ер адам әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алып, тағы 4 миллион теңге талап еткені анықталды.
"Жедел уәкілдер жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жалғасады", - деді ІІМ өкілдері.