Кәсіпкер Ақтау қаласының әкімін сотқа берді

Қаракөз Амантай 29 февр. 2024 12:24 2271

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап қоюшы ЖК "М" жауапкер Ақтау қаласының әкімінің жер учаскесін беру туралы қаулысын шығарудан бас тарту әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талаппен жүгінген, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сотта анықталғаны, ЖК "М" 11А шағын ауданында орналасқан кафе кәуапхана жазғы алаңының жер учаскесін кеңейту мақсатында "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Ақтау қаласының әкіміне 2023 жылғы 24 қаңтарда жер учаскесін беру туралы өтінішпен жүгінген.

Жер комиссиясы оң қорытынды беріп, жерге оргналастыру жобасы әзірленіп, келісу органдары мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша жер учаскесін беру мүмкіндігі туралы тиісті қорытындыларн берілген.

Ақтау қалалық жер қатынастар бөлімі екі жер учаскесінің таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарын бекіткен.

Жер кодексінің талаптарына сәйкес қала әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

Ақтау қалалық жер қатынастар бөлімі ЖК "М" кафе кәуапхана жазғы алаңын кеңейту үшін  өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы жобасын әзірлеп, қол қою үшін Ақтау қаласының әкіміне жолдаған.

Ақтау қаласының әкімі аталған қаулы жобасына қол қоюдан бас тартқан.

Сотта жауапкер өкілі қаулы жобасына қол қоюдан бас тарту себептерін түсіндіре алмады.

ӘРПК-нің 129-бабының 2-бөлігінің 1) тармағының талаптарына сай дәлелдеу ауыртпалығын: дау айту жөніндегі талап қою бойынша — ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді. Алайда жауапкер қандай негіздермен жер учаскесін бөлуден бас тартқанын дәлелдеген жоқ.

Сот осының негізінде талапты қанағаттандырып, жауапкермен жіберілген бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жеке ұйғарым шығарылды.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.


Рекомендовать
Последние новости