Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қазір қайда отыр?

Көркем Алдабергенова 09 февр. 2024 09:16 3081

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары қазір қайда отырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына келген жауапта Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қаулысы негізінде прокуратураның санкциясымен Кәрім Мәсімов пен Дәулет Ерғожин қылмыстық іс бойынша Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында қамауда отырғанын хабарлады. Іс тергелуде.

Ал қалған орынбасарлары, яғни Әнуар Садықұлов пен Марат Осиповты ұстау орындары туралы ақпарат Ішкі істер министрлігінің құзырында екен.

2023 жылы 24 сәуірде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының экс-орынбасарлары Әнуар Садықұлов, Дәулет Ерғожин, Марат Осиповке қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарған болатын. 

Сот істі "Аса құпия" деген белгімен қарады. Кәрім Мәсімов ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жыл бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ете алмайды және мүлкі тәркіленеді.

Кәрім Мәсімов бұған қоса, генерал шені мен мемлекеттік наградаларынан айырылды. 

 


Рекомендовать
Последние новости