Ж.Түймебаев: "Адамды рухани азыққа бөлейтін мәдениет пен өнер қызметкерлері"

Dalanews 22 нояб. 2018 04:24 736

Қазіргі таңда облыстағы мәдениет  саласында 5 мыңға жуық қызметкер абыройлы жұмыс атқарып келеді.


Ал халыққа 736 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етуде. Аталған ұйымдардың қатысуымен өткен жылы  31 мыңнан аса іс-шаралар өткізілді.  Іс-шаралар негізінен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.


Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы  «Жаһандық заманауи Қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша облысымыздың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру мақсатында осы жылы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері мен «Қазына» би ансамблі  Түркия Республикасындағы «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына және халықаралық Наурыз мерекесіне қатысып, 6 мемлекетте өнер көрсетті.


Сонымен бірге, облысымыздың өнерпаздары Финляндияда өткен «Жұмбақ Жібек жолы» халықаралық фестиваліне қатысты. Ал Италияның Пезаро қаласында өткен XV «Читта ди Пезоро» халықаралық вокалистер байқауында жас өнерпаздарымыз Карина Нажмеддинова және Нұрқанат Тапивтер І орынға ие болып, Италияда 1 жыл тегін оқуға шақырту алды.


Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер қызметкерлерін үнемі қолдап келеді. 

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз елімізде мәдениеттің, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрлеріміздің өсіп-өркендеуіне, өткенін жаңғырта отырып жаңаша бағытта жұмыс жасауға ерекше мән беріп, үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршамызға аян. Еліміздің болашағы жеке тұлғаның мәдениеттілігіне байланысты. Жеке тұлға мен қоғамның саяси, еңбек, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын арнайы мекемелер мен әлеуметтік орта. Сол мекемелердің бірі мәдениет ошақтары болса, адамды рухани азыққа бөлейтін мәдениет пен өнер қызметкерлері»,- деген болатын бұдан бұрын Ж.Түймебаев.


Рекомендовать
Последние новости