Жолдауды түсіндірудің қажеті жоқ. Ел ақымақ емес

Dalanews 02 февр. 2017 05:46 889

Саясаттанушы Досым Сәтпаев депутаттарды қатты сынап тастапты. Сыны орынды әрі өзекті екен. Бұл туралы ол өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазыпты. 

"Ақпанда депутаттар тағы да алашапқын болады. Жолдауды жұртқа түсіндірмек боп жінігеді. Ауыл-аймақтарды аралайды. Қою керек қой! Халыққа Жолдауды түсіндірудің қажеті жоқ. Ел ақымақ емес. Елдің көзі ашық. Өзіне әлденені түсіндіргісі келетін адамнан да ақылды әрі дана біздің халық. Жұртқа депутаттардың Жолдауды түсіндіргені түкке керек емес.

Одан бұрын бұлар (депутаттар) ауыл-аймақты өз ақшасына араламайды. Бюджеттің қаржысын шашады. Оларды күтіп отырған халық жоқ. Мұндай сапарлардың дені әйтеуір есеп беру үшін ұйымдастырылатыны тағы белгілі. Одан да басқа іспен айналыссын. Жер дауы кезінде үндемеген, лаңкестік орын алғанда тиісті шешім шығара алмаған, заманауи заң қабылдай алмаған олардың қалай жұмыс жасап отырғанын ел көріп отыр.

Айналып келгенде, халық қалаулысы деген аты бұлар дәл осындай күрделі, өзекті мәселелер кезінде көрінуі керек. Халық арасында жүруі керек. Олардың ел басына күн туғанда ініне тығылып қалатын саясаты ешкімге керек емес" деген екен Сәтпаев.

Рекомендовать
Последние новости