«Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы темір жол билетін сату қызметін жақсартуда

Dalanews 05 дек. 2019 05:01 1643

Үстіміздегі жылдың 3 желтоқсаны күні Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының басшылығы ұлттық тасымалдаушы тарапынан темір жол жолаушылар тасымалы саласында билет сату жүйесін дамыту жөнінде қабылдап жатқан шаралар жайында баяндады.

Бәрімізге мәлім, жыл сайын темір жол жолаушылар көлігі қызметін 20 миллионнан астам жолаушы пайдаланады, сол себепті «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының басты мақсаты – халықты сапалы әрі қол жетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету.

Темір жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жүйесі қызмет көрсету сапасын жақсартуға және жолаушыларды қанағаттандыруға бағытталған процестер жиынтығынан тұрады.

Жолаушылар тасымалы жүйесінде билет сату жүйесінің орны ерекше.
Осы орайда, халықтың темір жол билетін сатып алуына барынша қолайлы жағдай жасап, мүмкіндік беру үшін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қолдауымен жаңа, «Mobius» отандық қаржы жүйесіне негізделген электронды билетпен қамтамасыз ету технологиясына көшу жобасы іске асырылды.

Бәрімізге мәлім, жыл сайын темір жол жолаушылар көлігі қызметін 20 миллионнан астам жолаушы пайдаланады, сол себепті «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамының басты мақсаты – халықты сапалы әрі қол жетімді көлік қызметімен қамтамасыз ету.


Жаңа билет жаңа жүйесіне көшу билет сатып алу шарттарын жақсартты, яғни:

- Интернет-сайттар (15), өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары (15 мың дана), пошта бөлімшелері (1,6 мың дана) және т.б. арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру арқасында сату каналдары едәуір кеңейді;

- қызметті пайдаланушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету режимінде билет сатып алу кезінде бос орындардың бар-жоғы туралы мәліметтердің анықтығы қамтамасыз етілді.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша, шамамен, 15,4 миллион билет, яғни сатылған билеттердің жалпы көлемінің 69%-ы электронды түрде ресімделген, оның 4,8 миллионы немесе 21%-ы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған.

2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша 15,9 миллионнан астам билет сатылған, бұл сатылған билеттердің жалпы көлемінің 80%-нан астамы электронды түрде ресімделген, оның 5,3 мллионы немесе 27%-ы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған.
Осы жылы темір жол билетін «Электронды күту парағы» арқылы сатып алуға мүмкіндік берілді.

Қазіргі таңда сатып алатын бос орындар болмаған жағдайда, жолаушының «Күту парағы» тізіміне тіркелуге мүмкіндігі бар, ал бос орындар пайда болған кезде жүйе кезектегі жолаушыға пайда болған бос орынды ұсынады.

Жалпы алғанда, 2018 жылдың қорытындысы бойынша, шамамен, 15,4 миллион билет, яғни сатылған билеттердің жалпы көлемінің 69%-ы электронды түрде ресімделген, оның 4,8 миллионы немесе 21%-ы интернет-ресурстар арқылы сатып алынған.


«Күту парағы» қызметі іске қосылған күннен (2019 жылдың 10 шілдесінен) бастап осы уақытқа дейін жаппай тасымал кезінде (қауырт кезде) 85 мыңға жуық билет сатып алынған. Осы орайда атап айтарымыз, ТМД елдерінің темір жол көлігі саласында бұл қызмет алғаш рет Қазақстанда енгізіліп отыр.

Бас директордың корпоративтік мәселелер және HR жөніндегі орынбасары А.Қалдыкозовтің айтуы бойынша, ТМД елдері арасында электронды-цифрлы билет сату түріне (дәстүрлі бланктерді қолданбай) толық көшкен темір жол әкімшілігі – ол Қазақстанның темір жол әкімшілігі.

Жолаушылардың жол жүру жағдайын жақсарту мақсатында жаңа ережеге сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтардың барлық тобы үшін әлеуметтік маңызы бар қатынастағы пойыздарға – 50% жеңілдік енгізілді. Бұл норма әлеуметтік маңызы бар 57 пойызда, оның ішінде 6 «Тұлпар-Тальго» пойызында қолданылады.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар пойыздарға балама ретінде ұйымдастырылған коммерциялық 9 «Тұлпар-Тальго» пойызында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жол жүруіне арналған арнайы купедегі орынға, сондай-ақ оларды алып жүретін адамдарға 70% жеңілдік беріледі.

Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін интернет-сайттар, өзіне-өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билет сату рәсімін ұйымдастыру мәселесі пысықталуда.

Осы мәселе бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен, оның ішінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлескен жұмыс тобы құрылды.

Келер жылы «Мобиус» жүйесі негізінде билет сататын мобильді қосымшаны және билетті төте (тікелей) сату жүйесін енгізу жоспарлануда. Яғни, төте маршрут болмаған жағдайда, клиентке басқа пойызға ауысып отыратын орын ресімдеуге, ал ол пойыздан орын болмаған жағдайда орынды келісілген пойыздарға ресімдеуге мүмкіндік берілмек.

Жолаушылармен қайта байланысты қамтамасыз ету мақсатында өтініштерді есепке алудың бірыңғай жүйесі іске қосылды. Өтініштер 24/7 режимінде жұмыс істейтін «1433» нөмірі бойынша қабылданады, бұл қызмет қалалық байланыс абоненттеріне – тегін, ал ұялы байланыс абоненттеріне ақылы түрде көрсетіледі. Сондай-ақ жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамы Бас директорының блогына да өтініш білдіре алады.

Рекомендовать
Последние новости