Жетісулық волонтерлар Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмек үшін қан тапсыруда

Dalanews 26 дек. 2024 18:51 466

Бүгін Жетісу облысының волонтерлары 25 желтоқсанда Ақтау қаласына таяу маңда құлаған «Баку-Грозный» бағытындағы жолаушылар ұшағы апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында Талдықорғандағы Қан орталығына барып, қан тапсырды, - деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеп. 

Облыстағы ерікті жастар алғашқылардың бірі болып қан тапсыруға ниет білдірген. Олар қиын жағдайға түскен жандарға қан беру арқылы көмек көрсетуге жора-жолдастары мен таныстарын да шақыруда.

- Ақтау қаласында әуе кемесінің құлағаны туралы оқыс жаңалық бәрімізге ауыр тиді. Апаттан қаншама адам көз жұмды, марқұмдардың жаны жаннатта болсын дейміз. Тірі қалғандардың тез сауығып, аман-есен жақындарына орлауына көмегіміз тисін деп, бүгін қан тапсыруға келдік. Енді мұндай ауыр жағдай қайталанбасын деп тілейміз, - деді «Ассамблея жастары» еріктілер тобының мүшесі Заида Құрмашева.


Облыстық қан орталығының мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 12.00-ге дейін 49 адам қан тапсырған.

– Орталыққа әуе апатынан жарақат алған мұқтаж жандар үшін қан көмек тапсырамыз деп ерікті жастар келіп жатыр. Әзірге Ақтаудағы қан тапсыру орталығында қан жеткілікті. Егер жедел қан керек десе біз кез келген уақытта жіберуге дайынбыз, – деді Облыстық қан орталығының директоры Марат Досқалиев. 


Әкімдік Жетісу облысы тұрғындарының атынан ұшақ апатында қайтыс болғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. 


Рекомендовать
Последние новости