Жетісудың 81 оқушысы білім сайысында бақ сынауда

Dalanews 28 апр. 2021 05:34 1095

Алматы облысында республикалық олимпиада бастау алды. Кіл жүйріктер бәсекесіннің өтуіне өңір бойынша «Жетісу дарыны» КММ-і мұрындық болуда. Білім додасы 25-30 сәуір аралығында өтеді. Қатысушылар, 14 пән бойынша сынақ тапсырады, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Республикалық олимпиада ҚР Білім және ғылым министірлігінің №99 бұйрығына сәйкес ұйымдастырылуда. Жыл сайын өтетін сайыстың биылғы ерекшелігі, «Ustudy»  орталықтарының  базасында өткізілуі.

Бүгінгі күні, білім сайысына ел аумағында 1582 бала қатысып, бағын сынауда, соның ішінде Алматы облысынан 81 оқушы үздік шығуға күресіп бақпақ.

Оқушылар, қоғамдық гуманитарлық және жаратылыстану бағыты бойынша білім деңгейлерін байқап көрмек. 33 бала гуманитарлық, 48 оқушы жаратылыстану бағытында сынақ тапсырады. Айта кетейік, олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысуда.

– Жалпы білім беретін пәндер негізінде жасақталған жарыс 4 кезеңнен тұрады. Олар, мектемішілік, аудандық, облыстық, республикалық. Бүгін облыс көлемінде топ жарған жас дарындар бақтарын сынағалы отыр. Тестілеу екі күнге жалғасады. 29 сәуір күні барлық қорытындылар шығып, қатысушылар нәтижелерін білетін болады. Олимпиаданың жеңімпаздары халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады, – дейді «Жетісу дарыны» КММ-нің басшысы Алишер Башаров.

Олимпиада «бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы мен прокторинг жүйесін қолдану арқылы өтеді.

Сынақ тапсырмалары «Дарын» РҒПО интернет ресурсы арқылы әр турдың басына бір уақытта ұсынылады және әрбір қатысушының алдын ала берілген жеке қол жеткізу коды болады. Тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұмыстары шифрланады және қазылар алқасының мүшелеріне тексеруге жіберіледі. Тапсырмалар бойынша дұрыс жауаптар және турлардың нәтижелері бар хаттамалар да «Дарын» РҒПО сайтында жарияланады.

Анар Сабырова, Алматы облысы.

Рекомендовать
Последние новости