Жетісуда 232 кәсіпкер 4,4 млрд теңгенің қолдауына ие болды

Dalanews 19 нояб. 2019 09:41 756

Алматы облысында шағын және орта бизнесте 252 мың адам жұмыс істейді, олар шығаратын өнімдер мен көрсететін қызметтердің көлемі биыл 1,4 трлн-ға дейін өседі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы облысының əкімі Амандық  Баталовтың қатысуымен брифинг кезінде айтылды, - деп хабарлайды Алматы облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Амандық Баталовтың сөзіне сүйенсек, шағын және орта бизнесте жақсы көрсеткіштерге мемлекеттік қолдаудың арқасында қол жеткізген. Осылайша мемлекеттік қолдаудың арқасында көрсеткіш қазір 9 млрд теңгеге жеткен.

Биылғы жылдың өзінде ғана «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде сомасы 4,4 млрд теңгеге 232 кәсіпкер көмек алды.

Ал нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 5,5 млрд. теңгеден астам қаржыға 1300 микрокредит берілген.

– Осылайша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесін 2050 жылға қарай екі есе арттыру міндетіне қол жеткізуге мүмкіндік мол. Егер соңғы бес жыл ішінде бұл көрсеткіш 25-26 проценттен аспаса, өткен жылы 32 процентке жетті (ҚР-28%), биылғы жылы 33,5 процентке жеткізу жоспарланып отыр, – деді облыс әкімі А.Баталов.


Өңірде өнеркәсіптің өсу қарқыны жеделдеп, 10 айда 104,5 процентті құраған. Әкім жыл жыл соңына дейін өндіріс көлемі бір трлн теңгеге жететінін алға тартты.

Амандық Баталовтың хабарлауынша, облыс үшін «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өте өзекті тұр. Аталған бағдарлама өңдеу өнеркәсібінің әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік берген. Бүгінгі күні жалпы сомасы 89 млрд теңге болатын 111 жобаның ішінен банктер 10,3 млрд  теңгеге 20 жобаны мақұлданған.



Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Рекомендовать
Последние новости