Жетісу облысында жер сілкінді

Самал Асқар 05 февр. 2026 14:16

5 ақпан күні Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым қашықтықта жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 13:42-де сейсмикалық стансалар желісі арқылы анықталған. Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан.

Жетісу облысының бірқатар елді мекендерінде жер сілкінісі сезілген. Атап айтқанда, Панфилов ауданында, Текелі қаласында, Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында және Сарқан қаласында дүмпудің күші 3 балға жеткен.

Ал Қарабұлақ кенті, Талдықорған қаласы, Балпық би ауылы, Шонжы, Сарыөзек, Үштөбе, Қырғызсай, Көкпек және Шелек ауылдарында жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай бақылауда.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove