Жетісу облысында жаңа Салық кодексінің негіздері түсіндірілді

Ақтоты Жапатова 08 окт. 2025 15:59

Жетісу облысында жаңа экономикалық бағыт пен Салық кодексінің негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бизнес-қоғамдастық өкілдерінің, өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік кірістер аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен кездесу өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесуге Ұлттық экономика вице-министрі Асан Дарбаев, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры Қадыр Исмагұлов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроазық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаментінің ішкі сауда басқармасының басшысы Темірлан Маратов қатысты. Іс-шараның модераторы Жетісу облысы әкімінің орынбасары Асет Қанагатов болды.

Өз сөзінде Асан Дарбаев экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына және алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасына тоқталды.

2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер туралы Қадыр Исмагұлов баяндады. Ол жаңа енгізілімдердің мәні мен мақсатын түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында қатысушыларға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жалғастыру бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді. Кәсіпкерлер өздерін толғандырған сұрақтарға толық жауап алды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар бизнес пен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтіп, салық заңнамасындағы өзгерістермен алдын ала танысу кәсіпкерлердің жаңа жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.


Рекомендовать
Последние новости