Жетісу облысында 30 мың гектар пайдаланылмаған жер мемлекетке қайтарылды

Ақтоты Жапатова 12 сент. 2025 13:00

Жетісу облысының Ескелді ауданында соңғы үш жылда пайдаланбай жатқан 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, соның 26 мың га - жайылым, 3,7 мың га - егістік, 300 га - шабындық. Бүгінгі күнге қайтарылған жерлердің 21 мың гектары  немесе 69% айналымға тартылдыОның 5 мың гектары конкурс арқылы, 16 мың гектары ауданның барлық ауылдық округтеріне қоғамдық жайылым ретінде берілді. Бұл жайында бүгін аудан тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев айтты,- деп хабарлайды Dalanews.kz Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне слтеме жасап.

Өңір басшысының айтуынша, биыл аудан қорында тұрған жерлерге 13 учаскені қамтитын 2 конкурс өткізіліп, 1800 гектар жер табысталған, оның ішінде суармалы және тәлімі егістіктер мен жайылымдық жерлер бар. Қазан айында 1 мың гектарға тағы бір конкурс өткізіледі.   

Бұл ретте пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарудың жылдық жоспары 7000 гектар болса, оның тек 3700 гектары ғана қайтарылған. Осыған байланысты бұл бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырған облыс әкімі Ескелді ауданының ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы аграрлық бағыттағы аймақ екенін естен шығармау керектігін айтты.

- Ауыл шаруашылығы саласында биылғы жылдың 7 айында 17,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі 10 млрд. теңгені құрап, 6%-ға арттыөсімдік шаруашылығының жалпы өнімі 7,4 млрд. теңгені құрап, 2 есеге өсті. Аудандағы егіс алқаптары 53,4 мың гектар. Бүгінгі күнге 26 мың гектар масақты дәнді дақылдар орылып, 42 мың тонна астық бастырылды, орташа гектар өнімділігі 17 центнерді құрадыМемлекет тарапынан бұл бағытта көмек көрсетіліп, субсидиялар, жеңілдетілген несиелер берілуде, аудан диқандары осы мүкіндіктерді пайдаланып, Үкіметтің қолдауымен 56 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Біздің мақсатымыз ауданда өндірілген өнімді қайта өңдеу үлесін көтеру. Осыған байланысты аудан әкіміне ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп тиімді шараларды қолға алауы тиіс, - деді Б. Исабаев.

Өңір басшысы сондай-ақ шаруашылықтарды суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесіне де тоқталды. Келесі жылы «Бәйбіше» каналын күрделі жөндеу мен Балықты өзенінде су қоймасын салуға республикалық бюджеттен қаржыландыруға өтінім беру жоспарлануда. Биыл 4900 гектар алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланғанАлайда бұл әдіс тек 1700 гектар жерде қолданылып отыр, сондықтан бұл жұмыстарды жалғастыру керек.

Халықтың негізгі азығы саналатын ет пен сүттің сапасына жауапты ветеринария саласы да назардан тыс қалған жоқ. Ветеринарлық қызметтің сапасын арттыру мақсатында өткен жылы Қайнарлы, Жетісу, Ақын Сара ауылдарында блокты-модульді ветеринариялық пункттер орнатылса, биыл қараша айында Қаратал, Көкжазық ауылдарында осындай нысандар пайдалануға беріледі. Сонымен қатар саланың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қажетті құрал-жабдықтар, 2 қызметтік және 1 мал тасымалдауға арналған арнайы автокөліктер сатып алынды. Жалпы, ветеринариялық қызметке жан-жақты қолдау бұдан әрі де жалғасады.

Есептік кездесу барысында аудан халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шараларға және әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарына баса назар аударылды.

Облыс әкімі өткен жылы халықпен кездесуде тұрғындар көтерген өзекті мәселелерге де тоқталды. Атап айтқанда, Көкжазық ауылының тұрғыны Гүлнұр Баймұхан көтерген ауылға баратын жолды жөндеу және газ желісін тарту мәселелері оң шешімін тапқан.

Бүгінде жалпы ұзындығы 8,7 шақырым болатын газ құбырының құрылысы аяқталды, елді мекен ішіндегі орта және төмен қысымды газ желілерінің құрылысы жалғасып жатыр. Қазіргі таңда 26 шақырымның 8 шақырымы салынды. Сөйтіп газдандыру жұмыстарын жыл соңына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр, ал жол жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталады.

Ал жергілікті тұрғын Валентина Белимова көтерген мәселе - Қаратал ауылына баратын жолды жөндеуге келсек, қазіргі таңда қажетті құжаттамаларды дайындау жұмыстары жүргізілуде, жол құрылысына қажетті қаражат келесі жылы бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Сол сияқты бұған дейін тұрғындар қозғаған мәселелерге байланысты Бақтыбай ауылындағы Гагарин көшесі толық асфальтталды, Өтенай ауылында медицина нысаны салынып, Елтай ауылында құрылысы басталды, Шымыр ауылында көше жөнделіп, жарықтандырылды, дәрігерлік амбулатория мен спорт кешені салынды.

Сөзінің соңында облыс басшысы Бейбіт Исабаев аудан әкіміне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орын алған кемшіліктерді жоюды міндеттеді, бұл ретте өзекті проблемаларды шешуге өңірде барлық мүмкіндік бар, облыс басшылығы тарапынан қажетті қолдау көрсетіліп отыр. 

- Біздің тарапымыздан алдағы уақытта да халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған нақты жүйелі шаралар жүзеге асырылатын болады. Орынбасарларыма, аудан әкіміне, тиісті басқармаларға бөлінген бюджет қаражатын уақытылы, сапалы игеруді тапсырамын, - деді Б. Исабаев.


Рекомендовать
Последние новости