2025 жылғы 1 тамызда Жетісу облысында электр қуаты өшіп, жарықсыз қалды,- деп хабарлайды Dalanews.kz
«ТАТЭК» АҚ компаниясының мәліметінше, сағат 14:00-ден бастап Талдықорған қаласын қоса алғанда, Жетісу өңірінің барлық аумағында тұрғын үйлерде, инфрақұрылым нысандарында және әлеуметтік мекемелерде электр жарығы өшіп қалған.
Сағат 15:30-дағы жағдай бойынша жарық толық қалпына келтірілмеген. Апаттың нақты себебі анықталып жатыр.
Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Оған тиісті мамандар мен жедел қызмет өкілдері жұмылдырылған.