Жетісайда су каналдары жөнделіп, су тапшылығы жойылды

Dalanews 14 дек. 2018 02:50 1046

Биылғы жылы Жетісай ауданының шаруалары негізінен ағын судан тапшылық көрген жоқ. «Достық» каналының жоғарғы жағынан келетін судың көлемі азайған кезеңдерде, машиналық әдіспен су сору насостарын арқылы қажетті ағын су көлемін жеткізіп отырды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауылшаруашылығы министрі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес машиналық әдіспен су жеткізетін каналының жарамсыз болып бара жатқан бөлігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізілетін болады. Алдағы уақытта  бұл каналды жөндеу жұмыстары басталып, келесі жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

– Ауданымызда 2012-2014 жылдары ауданда бірнеше каналдардың (К-30, К-28, К-26) каналдарының жөндеу жұмыстары басталып, кейін тоқтап қалған. Биылғы жылы бұл жұмыстар қайта басталып, К-28 каналындағы жоспарланған жөндеу жұмыстары аяқталған болса, К-30 және К-26 каналын жөндеу жұмыстары жалғастырылуда. Оған қоса К-26 каналының тармақтарын да жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда, қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек 2018 жылы К-21, К-21-9, К-25, К-25-9 (46 шқ) каналдары механикалық тазалаудан өткізілді, – деді аудан әкімі.

Республикалық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 221,2 шақырымды құрайтын 50 канал механикалық тазалаудан және  ұзындығы 109,1 шақырым құрайтын 7 шаруашылықаралық қашыртқыны жөндеуден өткізу үшін тиісті құжаттары дайындалып ұсынылды, 2019 жылы бұл жұмыстар жүргізіледі деп жоспарланып отыр.

Ауданымызда ИДЖЖ-3 (ПУИД-3) жобасы аясында 45,7 мыңнан астам жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту жоспаранып отыр. Қазіргі таңда бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалуда.

Аудан амағындағы 392 тік дренажды ұңғыма болса, оның 171-і ғана жұмысқа жарамды. Ислам даму банкісінің қаржысы есебінен Мақталы, Ынтымақ, Абай, Ералиев, Ділдәбеков және Қызылқұм ауылдық округтеріндегі 210 тік дренажды ұңғымаларды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда құрылысты жүргізетін мердігер мекемені анықтау жұмыстары жүргізілуде, 2019 жылы басталады деп жоспарланып отыр.

Рекомендовать
Последние новости