Жер ресурстарын басқару комитеті құрылды

Dalanews 19 мая 2016 22:46 1323

Бұрын Ұлттық экономика министрлігіне қараған жер мәселесімен енді Ауыл шаруашылығы министрлігі айналысатын болды. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ішінен жаңадан Жер ресурстарын басқару комитеті құрылды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингке қатысқан Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов мәлім етті.

«Елбасының Жарлығына сәйкес, Ұлттық экономика министрлігіне қараған жер мәселесін Ауыл шаруашылығы министрлігіне беру туралы шешім қабылданды. Осыған орай, сейсенбі күні Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінен арнайы комитет, яғни, Жер ресурстарын басқару комитетін құру туралы шешім қабылданды. Ұлттық экономика министрлігінде істеген қырық жеті қызметкер АШМ ішінен құрылған осы комитетке ауысып жатыр»,-деп хабарлады А.Мырзахметов.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Жер реформасы жөніндегі комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаев хабарлағандай, комиссия жанынан 1434 нөмірлі Call-орталық ашылып, бір апта ішінде 700-ден астам ұсыныс-пікір түскен. Ал, Ауыл шаруашылығы министрі А.мырзахметовтің мәліметіне сүйенсек, осы 700 сұрақтың 90 пайызы жерді жекеменшікте пайдалану төңірегінде болып отыр екен

Кенжекей Тоқтамұратқызы

 

Қазақпарат




Рекомендовать
Последние новости