Кәсіптік білімнің өрісі кеңейеді

Dalanews 19 мая 2016 22:08 990

Таяуда «Кәсіпқор» холдингі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен техникалық бағыттағы мамандықтар бойынша инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізіп жатыр. Осылайша заман талабына сай білікті мамандар даярлауға Білім және ғылым министрлігі барынша күш жұмсауда. 

Біліктілікті арттыру курсын жүргізудің мақсаты модульдік-құзыреттілік тәсілі негізінде холдингтің әзірлеген білім беру бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Бұл жұмыс қолға алғалы бері еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық жұмысшылардың кәсіптік құзыретін, тәжірибелік білімін, шеберлігін және дағдысын құру және арттыру бағытында біліктіліктерін шыңдап, заман талабына сай шәкірт тәрбиелеудің қыр-сырын меңгере бастағанын айта кетуіміз керек.

dalanews kasipkor  (2)Олар – кәсіптік-техникалық білімнің қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламалары мен жоспарларынан жаңа білім беру бағдарламаларының ерекшеліктерін, білім беру бағдарламаларын әзірлеу әдісі мен енгізу шарттарын және оқытудың кредиттік технологиясын бағалаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін жан-жақты сараптап, біліктіліктерін шыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Осы ретте біліктілікті арттыру екі кезеңнен тұрғанын айта кетуіміз керек. Бірінші кезеңде, «Кәсіпқор» холдингі 200 адамды тренерлікке дайындауға күш салып отыр. Қазіргі таңда Астана қаласындағы «Қазтұтынуодағының» сауда-экономикалық колледжінде тренерлердің бірінші ағымы курстан өтіп жатыр. Іс-шара соңында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары мен инженерлік-педагогикалық мамандар іріктелініп алынды. Курстар қазақ және орыс тілдерінде 36 сағат көлемінде жүргізіліп жатқанын айта кетуіміз керек. Курс соңында тындаушыға «Кәсіпқор» холдингінің штаттан тыс тренері» дәрежесі беріледі.

Курстың екінші кезеңінде 2016 жылдың маусым және қыркүйек айында қолға алынады. Осы біліктілікті көтеру курсынан өткен мамандар білім ошақтарында сапалы кәсіптік-техникалық мамандарды көптеп дайындауға бар күшін салатын болады.

Назым РЫСБЕТОВА


Рекомендовать
Последние новости