Жемқорлыққа қарсы күрес жалғасуда

Dalanews 11 мая 2018 10:02 892

Алматы облысының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласы қызметкерлері ағымдағы жылдың І тоқсанындағы атқарылған қызмет пен болашаққа құрған жоспарлар жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырудағы басым бағыттар айтылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында белгілі болды.

Мемлекет Елбасының алға қойған міндеттеріне сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша кезең-кезеңмен, сапалы түрде және ойластырылған шаралар қабылданады. Бұл ретте барлық күш жемқорлыққа қарсы және оның барлық көріністеріне қарсы азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға бағытталған.

– Бүгінгі таңда Алматы облысында Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша біршама жұмыстар жүргізілуде. Ұлт жоспарына сәйкес 3 кезеңнен тұратын байқауға мемлекеттік қызметке деген қызығушылықтың артқаны белгілі. Өйткені, қазақстандық мемлекеттік қызмет саясаты меритократия қағидасына негізделген. Бұл дегеніміз – мемлекеттік қызметке кіру төменгі лауазымдардан басталады және қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктеріне, оның қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметте одан әрі жоғарылай алады, – дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев.

Жиында сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Д.М. Тұрғанбаев департамент бойынша атқарылған істерге тоқталып өтті.

– Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде департментпен 64 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркелді, оның ішінде 70%-дан астамы сыбайлас жемқорлыққа қатысты болып табылады. Аяқталған қылмыстық істер бойынша жалпы шығын 99,4 миллион теңгені құрап, 96 миллион теңгесі өтелінді. Сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін – 18 тұлға, соның ішінде басшылар  4 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл дегеніміз кез-келген қызметте отырған адам үшін үлкен сабақ болады, – дейді ол.

Бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән беріледі. Сондықтан, жастар арасында мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, болашақ мемлекеттік қызметшілердің пулын жасақтау, құқықтық мемлекетті одан әрі дамыту ісінде белсенді жастарды тәрбиелеу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қолдауымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті жанынан «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебі ашылды. Онда білімгерлер тек дәріс қана емес, тәжірибе де ала алады.

Жиын соңында ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Шакишев Қазбек те 2018 жылдың бірінші тоқсанында жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардан 247 мемлекеттік тыңдаушы оқудан өткені жайлы айтып өтті.

 

Рекомендовать
Последние новости