Жемқор кеденшілердің бәрі жұмыстан шығарылды

Dalanews 24 дек. 2021 10:22 863

Қырғызстан мемлекеттік кеден қызметінің төрағасы Әділет Кубанычбеков мекемедегі тауар контрабандасы толығымен жойылды деп мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Кәсіпкерлерге айтарым: біз контрабандаға қарсы соғыс аштық, қазір ол жоқ", - деді шенеунік Азаттық радиосы қырғыз қызметіне берген сұқбатында.

Кубанычбеков «Азаттыктың» кеден қызметіндегі жемқорлыққа қатысты журналистік зерттеуіне байланысты қызметтік тексеру нәтижелерін жариялады. – Жемқорлыққа қатысы бар делінген 40 қызметкердің 14-і жұмыстан шығарылды, алтауы кадр резервіне ауыстырылды. Төрт айдан соң біз оларға басқа жұмыс ұсынамыз, оған келіспегендері жұмыстан шығады. Қалған 20 адамның жемқорлыққа қатысы жоғы анықталды, бірақ оларды жауапты қызметтерге тағайындамадық, – деді кеден қызметінің төрағасы.

Халықаралық республикалық институт зерттеуінде кеден қызметі 2020 жылы Қырғызстандағы ең жемқор мекеме деп танылған. Институт сауалнамасына қатысқан 1,5 мың адам осылай деп жауап берген.

Рекомендовать
Последние новости