Жекеменшік мектептер мемлекеттік білім ордаларының жүктемесін төмендетуге септесуде

Жарбол Кентұлы 10 сент. 2024 01:38 2260

Соңғы жылдары елімізде жекеменшік мектептер білім беру саласында мемлекеттік мектептермен бәсекеге түсе бастады. Жекеменшік мектептердің оқу бағдары Оқу ағарту министрлігінің толық бақылауында екенін білеміз. Бұл еліміздің білім саласының біртұтастығы үшін маңызды жайт. Қазіргі таңда Үкімет жекеменшік мектептерге қаржылай көмек көрсетіп, еліміздің білім саласын заман талабына сай дамуына жағдай жасауда. Бұл ретте мемлекеттің бөлген қаражаты «ақша оқушымен бірге жүреді» қағидасы бойынша жұмсалуда.  

Бұл жүйе арқылы жеке мектептерге мемлекеттік мектептермен бірдей деңгейде қолдау көрсетіліп, балалардың білім алуына тең мүмкіндік қарастырылуда. Осы ретте Dalanews.kz ақпатық агенттігі тілшілері еліміздегі білім беру саласын мемлекеттің қаржыландыру мәселесін аз-кем сараптап көрді. Енді соған назар аударсаңыздар.

Бүгінде еліміздегі жекеменшік білім беру мекемелері білім берудің мемлекеттік тапсырысы аясында ваучерлер арқылы қаржыландырылуда. Ата-аналар таңдаған мектептеріне ваучерді тапсырып, мемлекеттің қаржылай қолдауы ата-аналар мен оқушылардың соңынада жүреді.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы әсіресе оқушыларға орны жетіспейтін аймақтарда жекеменшік мектептерді қолдап, мемлекеттік мектептердің жүктемесін жеңілдету үшін жеке мектептердің көмегіне жүгініп отыр. Осыдан біршама жыл бұрын елімізде балабақша тапшылығы болған кезде Үкімет осындай ваучерлік қаржыландыру жүйесін пайдаланып, бұл іске кәсіпкерлерді тартып, еліміздің түкпір-түкпірінде жекменшік балабақшаларды ашқаны есімізде. Қазір атқарушы билік сол іс-тәжірибені орта білім беру саласына кеңінен қолдануда.

Қазіргі таңда Алматы, Астана, Шымкент сынды ірі қалаларда мектеп тапшылығы орын алып отрығаны әмбеге аян. Мұндай мәселе ірі қалаларға тән құбылыс десек болады. Ал ауыл-аудандарда мектептер жеткілікті. Сондықтан ауыл-аудандарда жекеменшіктер әзірше ашыла қойған жоқ.

Оқу ағарту министрлігі 2024-2025 оқу жылында оқушылар санының өсуіне байланысты жеке мектептерге қосымша қаражат бөлгенін білеміз. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 133,9 миллиард теңге бөлінгенін оқу жылының басында мәлім болды.

Осы ретте ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, білім саласының білгір маманы Жұлдыз Сүлейменова қаржыландыру механизмін қайта қарауды көтерген болатын. Оның ойынша, қазіргі жүйеде аймақтық қажеттіліктер толық ескерілмеген. Осылайша халық қалаулысы жекеменшік білім беру мекемелеріне бөлінетін қаржының әділ әрі тиімді жұмсалуын талап еткен болатын.

Өз кезегінде Жұлдыз Сүлейменова Қазақстандағы жекеменшік мектептердің мемлекеттік қаржыландырылуына қатысты мәселелерді де тілге тиек ете келе, мемлекеттік білім беру тапсырысын орындау үшін бөлінген қаражаттың жеткіліксіз екенін де ашып айтқан болатын.

Бүгінде жекеменшік мектептерге бөлінген қаражат республикалық бюджет есебінен бөлінетіні белгілі. Алайда, қаражаттың бір бөлігі жергілікті білім беру басқармаларында қалуы мүмкін, бұл жағдай бөлінген қаражаттың тиімділігіне әсер ететіні сөзсіз.

Осы ретте мемлекеттің жекеменшік білім ошақтарына бөліп отырған қаражаты толықтай жетеді деп кесіп айту қиын. Иә, Үкімет бюджеттің мүмкіншілігіне қарай жекеменшік мектептерді қаржыландыруда. Еліміздің экономикалық жағдайы жақсарған сайын білім саласына бөлінетін қаржысы өсетіні анық.

Егер қаржы жеткілікті деңгейде бөлінсе, ауылды айтпаған күннің өзінде аудан орталықтары мен шағын қалаларда жекеменшік мектептер пайда болар еді. Әзірше Үкіметтің жекменшік білім беру саласына бөлінген қаржаты ірі қалалардағы мемлекеттік мектептерге түсетін жүктемені азайтуға ғана септесіп отырғанын түсінуіміз керек.   

Оның үстіне жеке мектептердің бұл қаржыландыруды алуы үшін олар белгілі бір талаптарға сай болуы керек, соның ішінде білім беру сапасы, материалдық-техникалық база, оқыту әдістері және білім беру стандарттарына сәйкес болу сияқты шарттар кіреді.

 


Рекомендовать
Последние новости