Жекеменшік білім беру мекемелерінің ұстаздары ұзақ уақыт бойы жалақыларын ала алмай жүр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Оның айтуынша, кейбір мұғалімдерге әлі күнге дейін 2024 жылдың желтоқсан айының еңбекақысы төленбеген.
"Күткендей-ақ, жағдай ушығып барады. Жекеменшік мектептердің мұғалімдері бірнеше айдан бері жалақы алмаған. Тіпті, 2024 жылдың желтоқсаны үшін де еңбекақысын алмаған мектептер бар. Жекеменшік мектептерге әртүрлі көзқарас болуы мүмкін. Иә, сапа мәселесі ондай мектептерде де жоқ емес. Бірақ ұмытпауымыз керек: олар – білім беру жүйесінің бір бөлшегі. Бұл – балама, бұл – бәсеке, бұл – бүгінде білім алып жатқан жүздеген мың бала", – деп жазды Аймағамбетов.
Жыл басында депутат еліміздегі жекеменшік мектептердің қаржыландырылуына қатысты проблеманы көтерген болатын. Ол тек мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы жұмыс істейтін мекемелердің банкроттықтың алдында тұрғанын айтқан. Көптеген мектептер 2023 және 2024 жылдарға тиесілі қаржыны ала алмаған. Сол кезде тапшылық шамамен 80 миллиард теңгені құраған