Жастарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Dalanews 20 апр. 2023 13:59 1077

Ертең «Астана Жастары» ЖРО жұмыс іздеп жүрген ЖОО түлектері мен елорда жастары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырады.

Мемлекет басшысы өз сөзінде жастарды қолдау, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу қажет екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

2022 жыл басынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ төрт бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген болатын, оған елорданың 160-тан астам жұмыс беруші, 2400-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 1800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 250-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға 20-дан астам ірі жұмыс беруші өтінім берді, оның ішінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Басқарушы компания «Қазмедиа орталығы» ЖШС, «Arena S» (Арена S), Sulpak ЖШС, «DESIDERIO» ЖШС, «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» АФ, «Казахтелеком» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС сынды мемкемелер бао.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер, өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.

Рекомендовать
Последние новости