Брифинг қатысқан Қазақстан Жастар Конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов жобаның негізгі мақсаты – жастарды, әсіресе осал топтарды қоғамның тіршілігіне тарту, араластыру екендігін айтты.
– Жобаға әлеуметтік жобалары бар NEET санатындағы Түркістан облысының 18-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Өтінімдер www.zhasproject-turkestan.kz сайтында қабылданады және ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады, – деді Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығының директоры Ерасыл Төлебаев.
Жоба – жұмыссыз ретінде тіркелген жастарға, аз қамтылған және көпбалалы отбасындағы 18 бен 29 жас аралығындағыларға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға, мүгедектігі бар жастарға арналған.
https://dalanews.kz/aimak/79963-qapshagay-samga-orleuge-mumkindik