Жастар кәсіптік білімді игеруде

Dalanews 29 нояб. 2017 07:37 888

77 жылдық  тарихы бар ордалы оқу орны Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде Елбасының  «Рухани жаңғыру» бағдарламасын кеңінен насихаттау мақсатымен  онкүндік жарияланып, колледждің үздік оқытушылары ашық сабақ берді.

Міне, елімізде өткен ЭКСПО көрмесінің тақырыбымен ұштастыра алынған «Жаңартылмалы энергия көздері» тақырыбындағы зерттеу сабағы – әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамытты.

Электрорадиомонтаждау тәжірибесі бойынша студенттер дәнекерлеу үрдісі  барысындағы қажет біліммен қаруланғандықтарын дәлелдей келе, ЭКСПО көрмесінің қызықты деректерін де жариялап өтті. Табиғи байлықты қолдану бүгіннің еншісінде, ал «Жарқын болашақ – жасыл энергетикада»  деген ұранмен РЭС2А тобының студенттері белсенді түрде энергияның альтернативті жолдарын оқып үйренумен қатар, өздерінің де тың идеяларымен бөліскенді жөн көрді. Мухтарханов Ернұр «Үшінші буынды биоотын» тақырыбы аясында балдырлардан энергия өндіру жолдарын қарастырса, Әшірхан Бейбарыс «Наноматериал – графен негізіндегі күн энергиясын жинақтаушы панелдер» тақырыбы аясында зерттеу жүргізіп, күн энергиясымен іске қосылған макеттерін таныстырды.

Оқытушы педагогикалық ізденіспен озық технологиялардың әдіс-тәсілдерін аса жоғары талғаммен қолданып, студенттер алған білімдерін келешекте белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі, тез бейімделе алуы арқылы функционалдық сауаттылыққа қол жеткізуі үшін тиімді пайдалануға жол ашты. Осы зерттеу сабағын өту барысында шынайы өмірмен ұштастыру арқылы студенттердің функционалдық сауаттылықтары артып және мамандықпен байланыс орнату мақсатымен оператордан сұхбат алынып,интервью алу, репортаж жасаудағы түсіру әдістерімен танысып, өз мамандықтарын дұрыс таңдағандықтарына көздері жетті.

Қазір адамзаттың өзі жаңа сапаға ауысты. Қарым-қатынас стилін өзгерту талабы туындады. Әр баланың өзіндік ерекшелігі болады. Көру арқылы ой қорытатындар (визуалдар), есту арқылы пікір жинақтайтындар (аудиалдар) болады. Біреулері көргенін тез қабылдап, біреулері естігенін есте сақтайды. Сонымен қатар балалардың кинестетик деп аталатын тағы бір тобы бар. Олар бәрін өздері қолдарымен ұстап, бақылап жылжытып, өзі жасағанды ұнатады. Сол ерекшеліктерді ескере келе, әр баланың баспа платасына схема жинау, дәнекерлеу, оны виртуалды Electronics Workbench зертханасында тексеру жұмыстарын топпен жүзеге асырып, нәтижеге ол жеткіздік.

Үштілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашылатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік екенін ескере келе, зерттеу сабағы 3 тілде жүргізілді.

Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.

Әсем Аманжанқызы, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі,

Киноиндустрия, механика және экономика кафедрасының арнайы пән оқытушысы

 

 

Рекомендовать
Последние новости