Жас отбасылардың шаңырағын шайқалтпауда психологиялық қолдаудың маңызы зор

Dalanews 25 июл. 2022 12:57 966

Бүгінде елімізде жастарды қолдау дегенде олардың тұрғын үймен қамту, түрлі жұмыс орындарын ашу ісімен шектелетіні жасырын емес. Иә, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың маңызы зор. Шаңырақ көтерген жастардың әлеуметтік мәселеден бөлек психологиялық қолдауға да зәру екенін ұмытпауымыз керек. Осы олқылықты «Замандас 21» қоғамдық қоры Жас отбасыларды қолдау жобасымен толықтыруға күш салуда.  

Өмір қиныншылықтарына шыдай алмаған көптеген жастар ажырасып кетіп жататыны жасырын емес. Осындай сәттерде олар психологиялық көмек-қолдауға ас қажет екенін естен шығармауымыз керек.

Осы ретте еліміздегі Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының отбасылық құндылықтарды нығайтуды көздейтін «Замандас 21» қоғамдық қорының жобасына барынша қолдау көрсетуде.

Бүгінде жас отбасыларындағы құндылықты нығайту ісін бұл салада ұзақ жыл тәжірибесі бар «Замандас 21» қоғамдық қоры қолға алғаны қуантады.

– Жоба отбасымен жұмыс істейтін мамандарды (психологтар, педагогтар, судьялар) өзара іс-қимыл алгоритмі және отбасылық қатынастардағы қақтығыстарды шешудің сындарлы тәсілі ретінде дайындауды көздейді. Оқыту барысында мамандар жас отбасыларда орын алатын жанжалдар кезінде даулы мәселені шешу үшін не істеу керектігін түсіндіреді. Біз қақтығыс туындаған жағдайда оны реттеудің жолдарын түсіндіреміз. Оқыту тәжірибелі мамандар үшін де, отбасын құруды жоспарлап жатқан немесе отау құрған жоғары курс студенттері үшін де қызықты және пайдалы болады деп үміттенеміз, – дейді психолог әрі жоба үйлестірушісі Варвара Марховец.


Психологтың пікірінше, отбасының бұзылуына көбіне отбасылық құндылықтардың сәйкес келмеуі себеп болады.

– Некенің бұзылуына әкеп соқтыратын себеп көп. Олардың бірі – отбасылық құндылықтардағы сәйкессіздіктер. Мысалы, жұбайлардың бірі көп балалы отбасы құруды армандаса, екіншісі білім алуды мақсат етеді. Өзара түсіністіктің болмауы отбасындағы жанжалдарға әкеледі, - дейді мамандар.

Үйлестіруші жоба аясында жоғары білікті психолог – мамандардың тегін кеңес беретіндігін атап өтті.

«Замандас 21» қоғамдық қоры жүзеге асырып жатқан жоба аясында балалар мен ата-аналардың қатысуымен сондай-ақ, конкурстар, спорттық жарыстар сияқты басқа да іс-шаралар ұйымдастырылатынын айта кетуміз керек.

Рекомендовать
Последние новости