Жапония, Франция қолдады: Олжас Сүлейменов Нобель сыйлығын алған алғашқы қазақ болуы мүмкін

Dalanews 19 дек. 2025 17:21

Аты аңызға айналған ақын Олжас Сүлейменов әлемдегі ең беделді сыйлыққа ұсынылды. Егер ұсыныс қабылданса, ол «Нобель» сыйлығын алған алғашқы қазақ болуы мүмкін. Бұл туралы  қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының IV съезінде белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Партияның жиынына оның елдің барлық өңірлерінен келген партия делегаттары қатысты. Съезд аясында, Нобель комитетінің талаптарына қатаң сәйкес, партия атынан Олжас Сүлейменовті Нобель сыйлығына ұсыну туралы бастаманы Жолдаудың ресми рәсімі мен салтанатты рәсімі өткізілді.

«Қазпошта» АҚ Ұлттық пошта операторы Олжас Сүлейменовті бейбітшілік Нобель сыйлығына ұсыну бастамасымен конвертті қабылдап, жөнелтуге ресімдегені ресми расталды. Рәсім белгіленген халықаралық талаптарға толық сәйкес орындалды. Съезде сөз сөйлеген Қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев Нобель комитетінің талаптарына сәйкес Нобель сыйлығының лауреаттары, университет ректорлары, министрлер, депутаттар, сондай — ақ қоғамдық және әлеуметтану ғылымдарының ғалым-профессорлары бейбітшілік Нобель сыйлығына үміткер болуға құқылы екенін атап өтті.

«Біздің партияның құрамында қажетті академиялық мәртебеге ие ғалымдар бар. Осыған байланысты партияның ғылыми қоғамдастығы атынан Олжас Сүлейменовті ұсыну туралы ресми бастама жолданды. Ұсыныс қабылданса Сүлейменов Новель сыйлығын алған алғашқы қазақ отандасымыз атанады», — деді Азаматхан Әміртаев.

Съезд жұмысына қазақстандық «Байтақ» жасылдар партиясының депутаттары, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері, соның ішінде Ирак Елекеев, Айкүл Самақова, Каюков Карипек және азаматтық қоғамның басқа да өкілдері қатысты.

«Сондай-ақ, партия Төрағасы жақын арада Олжас Сүлейменовтің бастамасын халықаралық қолдауды кеңейту және олардың тарапынан кандидатураны ұсыну мақсатында Франция өкілдерімен, сондай-ақ Жапония мен Орталық Азия елдеріндегі серіктестермен халықаралық келіссөздер жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлады. «Байтақ» Жасылдар партиясы бұл ұсынысты шоғырландырылған азаматтық ұстанымның көрінісі және Олжас Сүлейменовтің жаһандық бейбітшілікті, ядролық қауіпсіздікті және халықаралық экологиялық қозғалысты нығайтуға қосқан зор үлесін мойындау ретінде қарастырады», — делінген партияның хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости