Жанқош Тұраровтың әйелі айыптауларға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады

Көркем Алдабергенова 22 авг. 2024 12:40 13364

Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса айыптауларға қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр?", - дейді Клара Иса. 

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген ақпарат тараған болатын. Ақпарат "Письма президенту" телеграм арнасында тарады. 

Оқиға 19 тамыз күні түнгі он бірлер шамасында болған. Алматы қаласы Әуезов ауданының полиция басқармасына тұрғын үйлердің бірінде зорлық жасалғаны туралы хабар түскен.

28 жастағы жәбірленуші танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың үстінен арызданған. 33 жастағы спортшыны ұстау үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр, делінген желідегі ақпаратта.

Алматының Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция Басқармасы қылмыстық іс қозғалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген полиция хабарламасында. 

Айта кетейік, Жанқош Жасұланұлы Тұраров 1990 жылы 20 қарашада Жамбыл облысында туған. Кәсіпқой боксшы. 2023 жылы наурызда IBO нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атанды.

Жұбайы Клара Исамен үш қыз тәрбиелеп отыр.


Рекомендовать
Последние новости