Жаны жайсаң жан

Dalanews 07 дек. 2019 08:08 1489

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Өйткені қамқорлық жасаған адамның сауапты ісі де көп болады. Жан-жағына ізгілік нұрын сепкендер әрдайым халықтың ыстық ықыласына бөленеді.

 

Байламды сөзді бекер айтып отырған жоқпыз. Біз мұның мәнісін Сағадат Нұрмағанбетов атындағы патриоттық қайырымдылық қорының төрағасы Махмұт Нәлібаевпен әңгіме барысында айқын аңғардық.

Махмұт ағамыз армия генералы, Қазақ­станның тұңғыш Қорғаныс министрі Са­ға­дат Нұрмағанбетовтың атынан қор ашып, ұлт үшін ұтымды жұмыстарды бастағалы бі­раз болды. Ең маңыздысы сол, абзал аға­мыз ғимараттың бір қабатын босатып, мұ­ра­жай ашты. Бұл істі ұлт руханиятына жа­сал­ған қамқорлық деп түсіну керек. Атап айтар болсақ, мұражайдағы бірінші зал Мемлекет басшысы, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған. Онда тәуелсіздік алған қазақ елінің қалыптасу тарихындағы Елбасының ерен еңбегі көр­сетілген. Сонымен қатар қазақ елінің ба­тырлары туралы да деректер жетерлік. Екін­ші зал Халық Қаһарманы Сағадат Нұр­мағанбетовке арналған. Онда Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрінің суреттері, архивтік құжаттары, ол жайындағы естелік кітаптар, тың деректер мен халықпен кез­десулері баян етілген. Онан кейінгі зал Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған. Сонымен қатар мұнда қордың қаржы­лан­дыруымен шығарылған кітаптар шоғыры жетерлік. Соның ішінде Президенттің өзі академик Сағындық Сатыбалдинге алғы­сын айтқан автордың кітабы. Ол – «Қа­зақстан Республикасына 20 жыл: Рефор­ма­лар, бағдарламалар, нәтижелер, кеңестер» деп аталады. Кең тиражбен шыққан бұл кітап жоғары оқу орындарына, кітапха­на­лар­ға, облыс орталықтарына тегін тара­тылды.

– Астана қаласынан 20-30 шақырым жерде республикалық маңызы бар авто­жолдың бойына күш атасы – Қажымұқанға, туған жерінде қордың атынан ескерткіш қой­дық. Қазақ халқының мақтанышына айналған, төрткүлдүниенің 54 елінде өнер көрсетіп, 48 алтын, күміс медаль алған па­луанның ескерткіші осал болмауы керек. Біз Қажымұқанның болмыс-бітімін ба­рынша көрікті, қайратты етіп беруге ты­рыстық. Бұл шараға Қажымұқанның не­мересі мен қор мүшелері қатысты. Алдағы уақытта оның айналасын гүлзармен көм­керіп, көркейтіп, ас беріп, тағы да дұрыс­­тасақ деп отырмыз. Биіктігі – 3,5 метр, ХХ ғасырдың теңдессіз алып күш иесінің осылай қасқайып тұруы көңілге патриот­тық сезім ұялатады, рухты көтереді. Мұның бәрі де қордың қаржыландыруымен жүзеге асты. Сонымен қатар мына оңтүстік өңір­дегі Қажымұқанның кесенесіне де бола­шақта қайтадан реставрация жасасақ деген ой бар. Негізі, алып адамның жатқан жері көрсе көзтартатын дай болуы қажет қой, – дейді қор төрағасы Махмұт Ыбырай­ханұлы.

Атап өтер бір нәрсе, мұражайда Қа­жымұқанға қатысты деректер жетерлік. Теңдессіз палуанның өткен ғасырдың 60 жылдары түскен тарихи суреттері мен сарғайған газет қиындылары сақталған, ұлғайған жасындағы түскен суреті де оның күші қайтпағанын көрсетіп тұрғандай. 1956 жылы «Лениншіл жас» газетіне шыққан мақалалар мен сол кезде шыққан кітаптар да сақтаулы тұр.

Ал соғыс уақытында өз қаржысына  ұшақ жасатқан Қажымұқанның ісі шын­дығында өнеге емес пе?

Өткен тарихты қадірлесең, бүгінгі ұр­пақ­тан алғыс алатының ақиқат. Бұл орайда Махмұт Ыбырайханұлы Қобыланды батыр туралы кітапқа қаржылық жағынан демеу­шілік етті. Дерекке назар аударсақ, 1960 жыл­дан кейін батыр туралы жинақ толық зерттеліп шықпаған екен. Сондықтан 5 мың данамен қолға, қалтаға салып жүретіндей етіп, бір жағы үйге, офиске қоятындай етіп шығарылған кітаптың кейінгі ұрпаққа бе­рері көп.

Сағадат Нұрмағанбетов атындағы қор­дың Оңтүстік Қазақстан бөлімшесінің ұйым­дастыруымен Отырар ауданының Шілік ауылында «Тарихи тұлғаларға тағ­зым» деген атпен ғылыми танымдық кон­ференция өтті. Онда бір әулеттен шыққан Иманжүсіп пен оның әкесі Құтпан батыр және атасы Тұрғанбай датқаға даңқ ес­керт­кіші орнатылды. Бұл шараны қор мүшелері ағайынды Керімхан, Серікжан, Әлімжан Сейітжановтар жүзеге асырып, халықтың ықыласына бөленді. Сонымен қатар мұнда Қажымұқан атындағы стадион салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Серікжан Сейітжанұлы осы өңірге балабақша салып беріп, оған анасының атын қойды.

Мұражайдағы Мұстафа Шоқай залына бас сұқпай кетуге болмайды. Мұстафа Шоқай экспедициясымен бірге суретші Әбілқасым Сәрсенбаев түркі дүниесінің көсемі болған қайраткерге 200-дей картина салса, мұнда оның отызға жуығы ілулі тұр. Қайырымды істің басы-қасында жүретін ұлтжанды азамат Махмұт Ыбырайханұлы қылқалам шебері Сәрсенбаевтың «Ұлт тұл­ғасы – Мұстафа Шоқай» атты кітабын үш тілде шығарып берді. Мұнан артық қандай қамқорлық, жанашырлық керек?!

Сонымен қатар қордың бастамасымен Парижде Шоқай аллеясы ашылды. Осы шара­ның бәрін ұйымдастырған Махмұтқа Ножан қаласының әкімі алғыс хат тап­сыр­ды. Қор белсенділердің идеясымен «Мұс­тафа Шоқай бақшасы» қаланың сызба кар­тасына енгізілді. Енді жыл сайын 5 қаңтарда осы қалаға аяқ басқан түркі жұртының зия­лы қауым өкілдері бұл жерге гүл шоқ­тарын қояды.

– Осы айтулы еңбектердің жарық кө­руіне демеушілік жасаған кәсіпкер, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы патриоттық қа­йы­рымдылық корының төрағасы Махмұт Нәлібаевқа шексіз алғысымды білдіремін, – дейді Суретшілер одағының мүшесі, танымал қылқалам шебері, профессор Әбіл­қасым Сәрсенбаев.

Қордың демеушілігімен шығарылған «Елбасының сыныптастары», «Аталардың ақылы, даналардың нақылы» атты Әубәкір Кеңес Аманұлының қазақ халқының тәлім-тәрбиесіне құрылған ұлттық энциклопе­дия­сы, Ақжігіт Әлібекұлының «Мәмлүктер билігі кезіндегі түркі-қыпшақ әдебиеті», «Казахстан – родина строй отряда», Ораз­бек Сәрсенбайұлының «Азаттық құр­бан­дары», «История мамлюкской архитектуры в Египте», Құдайберген Сұлтанбаевқа ар­налған және тағы басқа да кітаптар мұра­жай сөрелерінен орын алған.

Қазір мұражай сөресі тың деректермен, жаңа жәдігерлермен толығу үстінде. Мұнда Мұстафаның ерте кезде түскен суреті мен пленкасы тұр. Сонымен қатар Мұстафа Шо­қай мінген арба да алдағы уақытта мұра­жай­дың құнды заттарының біріне айнал­мақ.

Расында да қазір мұражай ашу оңай емес. Бірақ Махмұттай азаматтың баста­машы болуымен атқарылған шаруалар же­терлік. Ол жас ұрпақтың игілігіне қызмет ете­тін, көптеген игі шараларға қаржылық қолдау көрсетіп, демеушілік жасады. Әри­не, оның бәрін тізбелеп, тауысу мүмкін емес. Бірақ іскер азаматтың ұлт үшін жаса­ған ұлан ғайыр ісі көп екенін анық аңғар­дық. Соның ішінде Қазақстанның тұңғыш Қор­ғаныс министрі, тәуелсіз қазақ әскерін қа­лыптастыруда Сағадат Нұрмағанбетов­тың еңбегі орасан.

–Біз қазақтың мұн­дай қарапайым да қайсар нар тұлғалы аза­матының ерлігі мен ерен еңбегін еш уақытта ұмытпауға тиіспіз. Мұрағат матариалдарына және батыр атамыздың жеке шежіресіне сүйене отырып, «Ұлт мақтанышы – Сағадат Нұр­мағанбетов» атты арнайы фотоальбом шы­ғардық. Жалпы, мұражайда келушілерді қызықтырар дерек жеткілікті. Мысалы, Са­ғадат Нұрмағанбетов ағамыздың 1945 жылы 2 мамыр күні екінші реет Кеңес Ода­ғына батыры атағына ұсынылғанын екінің бірі біле бермейді. Мұнда осыған қатысты арнайы қол қойылған ресми марапат қағазы бар. Кейін ағамызға Ленин ордені берілген де, екінші рет алған батыр атағы табыс етілмеген. Біз бұл ресми қағазды арнайы мұрағат деректері арқылы таптық. Атақ-даңққа құмарлығы емес шығар, Сағадат ағамыз екінші батырлық марапатын керек те етпеген. Бірақ ресми құжаттарды тапқан­нан кейін мұның барлығын өзі де растады. Өйткені атаққа емес, Отанына адал болды. Әскери көшбасшы бола жүріп, қарапайым­дылығынан екінші алған батыр атағын да кере кетпеген, – дейді қор төрағасы Махмұт Нәлібаев.

Расында да Сағадат Нұрмағанбетов Орта Азия әскери округі басшысының бі­рінші орынбасары, 1980 жылдары Вен­грияда ке­ңес әскерлері құрамы басшысы­ның бірінші орынбасары болды. Бұл ғана емес, Сағадат Нұрмағанбетов екінші дү­ниежүзілік соғыс жылдарында Гитлердің бункеріне бірінші болып кірген әскери адам. «Гестапо ғима­ратына» да Сағадат аға­мыздың батальоны бірінші болып енген. Ал еліміз егемендікке қол жеткізгенде Пре­зи­дентпен бірге кеңесе отырып, Қазақстанның тәуелсіз әскерін де алғашқы болып жасақ­тады. Қарулы күш­теріміздің 80-90 пайызы басқа ұлт өкілдерін құрағандықтан, әскер­дің маңайына ұлттық кадрларды шоғыр­­ландырды. Осы жерде айта кететін бір жайт, ба­тыр ақсақалдың өзі қолтаңба қойып, Мах­­­мұт Ыбырайханұлына тарту еткен «Мой передный край» деген өзі­нің өмір­ жолына, әскери қызметіне арнал­ған кітабы да мұражайда сақтаулы тұр.

Былтыргенералдаркеңесіменақылдасаотырып, 90 жылдығынаарнайы медаль шы­ғарылды. Соныменқатарауғансоғысыныңардагерлеріменбірігіп, «Сағадат сардары» деген төсбелгі жасалды. Екі деректі фильм шықты. Патриоттық сезімді оятатын «Са­ғадат батыр жасасын!» деген ән дүниеге келді. Екі тілде айтылатын бұл әнді Нұрлан Нұртазин деген азамат өзі орындады.

Әрине, бұл Сағадат Нұрмағанбетов атын­­дағы қордың төрағасы, «Марсель групп» компаниясының президенті Мах­мұт Нәлібаевтың жасаған қайырымды­лы­ғының бір парасы ғана. Әсіресе, Қызылорда облысының денсаулық саласына жасап жат­қан жұмысының өзі бір төбе. Жасанды бүйрек аппаратын алуға 16 миллион теңге қаражат бөлінді. Соның арқасында бүйрек қызметі бұзылған 52 науқастың жағдайы жақсарып, тұрақты ем алып жүр. Облыстағы перинатальды орталықтың нәрестелер бө­лім­шесіне 16 миллион 850 мың теңгеге жа­санды тыныс алу аппараты сатып алынды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы ауру­ханаларға 3 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты.

Бұл ғана емес, жақындағана «Марсель групп» ЖШС компаниясы Алматы қала­сындағы үлкен стадионда салауатты өмір салтына қатысты денсаулық акциясын өт­кізді. Акцияға қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, медицина қызметкерлері, бай­ырғы спорт майталмандары, өнер жұлдыз­дары қатысты. Қаладағы «Жанұя» маман­дандырылған жетім-мүгедек балалар үйінен 565 жас жеткіншектерге арнайы авто­бус бө­лініп, жетекшілерімен бірге олар стадион­ның төріне жайғасты.

Жиын соңында «Марсель групп» компаниясы жетім-мүгедек балалар үйіне арнайы әкелген үлкен телевизор, әр­түрлі тұрмыстық техникалар, киім кешек, тәт­ті тағамдар мен түрлі жеміс-жидектер тарқатты, акцияға жиналған жанкүйерлер «Марсель групп» компаниясының футбол командасымен «Алатау» өнер жұлдыз­да­рынан құралған футбол командасының ойынын тамашалады. Жеңімпаздарға ар­найы марапаттар мен ақшалай сый­лық бе­рілді. «СИВИ» продюсерлік орталығы­ның өнер шеберлерімен бірге басқа да жұл­дыздар өнерін көрсетті. Барлық акция қа­тысушыларына «Марсель-Су» мине­рал­ды суы тегін таратылды.

Жақсының артында жарым ырыс сөз қалады. Жанашыр жан ата қоныс Айдар­лыдан Сәдуақас молда мешітін салды. Қазақ халқының жеңімпаздары Ильия Ильин, Серік Сәпиев пен Алмас Өтешов­терге ат мінгізді, республикалық маңызы бар айтыс ұйымдастырып, мектептерге «Га­зель» көлігін сыйлады. Сонау Шиелі ауда­нының Бірлестік ауылынанан асына арнап, мешіт салып, оны «Қалкүл ана шарапаты» деп атады. Сауапты жұмысқа үнемі уақытын сарп ететін жанашыр азамат өмірінің мәнін «байлық емес, адамгершілік, шынайы сый­ластық, жақсылық, шарапат» деп түсінеді. Өлеңдетіп айтар болсақ, «Өзін ғана ойла­ған, жамандықтың белгісі. Өзгені де ойла­ған,  адамдықтың белгісі». Ендеше, ұлт үшін ұлы істер жасап жатқан Махмұттай аға­мыздың жанашыр жарқын істеріне қуа­найық...

 

Б.БЕКБОЛАТ

 

Рекомендовать
Последние новости