Жанар Байсемізова: "Ер адамға тән қасиетті Эдуардтың бойынан таптым"

Dalanews 21 мар. 2018 12:31 1318

Кейде ата-анамды да ұмытып кетіп жүретін уақыттар болды деген Жанар Байсемізова өзінің жан сырымен бөлісті деп хабарлайды «Бақытты әйел» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.



Тележүргізуші 38 жасқа дейін өзін ешқашан бақытты сезінбегенін айтты.

— Менің өзге ұлтқа тұрмысқа шыққаным, өзім ойлағаннан да қатты шу болды. Бұл мені жақсы көргеннен деп ойлаймын. Бірінші анама айттым. Анам басында таңғалды қатты. Мен әкемнен күткен едім, қарсы болады деп. Алайда ол кісі бірінші болып батасын берді. «Өзі сүйсе болар» деді, — деп айтты тележүргізуші.

—Менің күйеуім өте адал. Оның бойынан ер адамға тән барлық қасиеті бар. Еркекке тән мінезі бар. Өзі қандай дәл солай ұстайды. Жаман пікір айтып, өзгені сынамайды. Менің идеалыма сәйкес.
Мен ер адамның бойынан қандай қасиетті қаладым. Барлығын Эдуардтың бойынан таптым.

Ол менің тағдырым. Тағдыр жолықтырған адамым, — деп күйеуі жайлы айтып берді.



«Мен 18 жасымда да, 25 жасымда да дәл қазіргі 38 жасымдағыдай бақытты сезінген емеспін. Мен үнемі өз-өзімнен ұялатынмын. Мүмкін шыққан ортамнан ұялған шығармын. Әйел адам өзін зерттеу арқылы, өзін табу керек. Ішкі дүниесін түсінген адам, сыртқы сұлулығына да қол жеткізеді. Қырсықтық мінезім де жұмысыма кедергі келтіретін», — деп ағынан жарылды Байсемізова.

Рекомендовать
Последние новости