Жаңа заң ұстаздарды жөнсіз тексеру мен артық жүктемеден қорғайды

Dalanews 11 дек. 2018 12:34 940

Таяуда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның қатысуымен «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы талқыланды.

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Сәуле Кабимолдаева, мектептер мен балабақшалардың директорлары, Алматы қаласының білім беру, әкімдік, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Кездесуді ректор Такир Балықбаев ашып, қазақстандық педагогтардың мәртебесін көтеру мәселесін жан-жақты талқылаудың маңыздылығын алға тартты. Өз кезегінде ҚР БҒМ вице-министрі Эльмира Суханбердиева:

– Жалпы алғанда, заң жобасын талқылау барысында барлығы 814 ұсыныс келіп түсіп, бәрі қаралды. Заң жобасында барлық педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін «педагог» ұғымы енгізіп отырымз... Білім беру ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан білім беру және педагогикалық қызметті жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы лауазымды қызмет атқаратын барлық педагогикалық қызметкерлерді педагогикалық қызметкерлер ретінде қарастырылуда. Жалпы ережелер, мәртебесі, педагогикалық қызметі, құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ оқыту, қайта даярлау және жоғары мұғалім біліктілігі мәселелері қамтылған, – деді вице-министр.

Ал Сәуле Кабимолдаева өз баяндамасында бірқатар негізгі ұсыныстарға  тоқталды. Мәселен, оқытушыны жоспарланбаған тексерулер мен функциялармен жүктемеу, еңбек дауларын талқылау, білім беру қызметімен айналысуға тыйым салатын жағдайларды қоспағанда, қызметтік іс жүргізу, тәртіптік тергеулер кезінде педагогтарды қорғау шаралары қарастыру мәселері жөнінде әңгімелерді.

Сонымен қатар мұғалімдерді қысқа мерзімде қайта дайындаудың да маңыздылғы сөз болды. Бұл – педагогикалық білімі жоқ, жоғары немесе техникалық және кәсіптік білімі бар адамдар үшін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша қосымша біліктілік немесе педагогикалық мамандық алуға мүмкіндік береді.

ҰКТ қорытындысы туралы сертификат педагогикалық және арнайы білімі жоқ тұлғалардың, техникалық және кәсіби оқу орындарының, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін кәсіптік қызметіне қабылдаудың негізгі шарты болып табылады. Арнайы білімі жоқ тұлғалар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар және кемінде үш жыл тәжірибе жинағандарға педагогикалық қайта даярлаудан және ҰКТ-дан өту мүмкіндігі беріледі.

Жас педагогтардың бейімделуіне көмек көрсету үшін міндетті түрде тәлімгерлік енгізілді. Бір оқу жылында білім беру ұйымына алғаш рет кірген жас және жаңадан келген мұғалімдер үшін тәлімгер ретінде тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

Жаңа заңда біліктілікті арттыру жиілігі 5 жылдан 3 жылға дейін қысқартылылған. Өйткені мұғалім кәсіби біліктілігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін әрдайым жетілдіруі маңызды. Талқылау жиынында ҚазҰПУ профессоры Бақытжан Төлеубекова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аягүл Миразова баяндама жасады.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан жалақының көтерілуіне, тұрғын үйге, жоспардан тыс функциялардан қорғауға, күтпеген тексерулерге, жұмыс жүктемесін төмендетуге және зейнеткерлікке шыққан кездегі еңбек өтіліне байланысты сұрақтар қойылды.

Кездесу соңында ректор Такир Балықбаев ҚР БҒМ-не алғысын білдіріп, аталмыш заңның шын мәнінде нәтижелі болуы үшін заңның орындалуына табыстар тіледі. Ректор қазақстандық педагогтардың мәртебесін көтеру мәселесін кешенді зерттеудің маңыздылығын атап өтті. «Педагог мәртебесі туралы» Заң жобасы бойынша жұмыс, ректордың айтуынша, қазірдің өзінде серпіліс беріп отыр. «Мемлекет басшысы осындай заң шығаруды тапсырды – мұның бәрі біздің мұғалімдеріміздің педагогиканың болашағына үлкен қадам болып табылады деп ойлаймын. Сондықтан, ең алдымен, Мемлекет басшысының бастамасына алғысымызды білдіреміз. Мұғалім мамандығы әрдайым біздің қоғамымыздың ең маңызды бөлігінің бірі. Өйткені болашағымыз педагогтардың кәсібилігі мен құзыреттілігінің деңгейіне байланысты. Бірқатар маңызды мәселелерді шешу үшін мұғалімдер осы заңның дамуына белсене қатысулары керек. Әрине, республикамыздағы алдыңғы қатарлы педагогикалық университет ретінде біз бұл үдеріске белсене қатысатын боламыз», – деп ректор жиынды қорытындылады.

 

Римма ЖАНБАЕВА

Рекомендовать
Последние новости