Жаңа талап: 10 мың гектардан астам жері бар шаруалар мал ұстауға міндеттелуі мүмкін

Қаракөз Амантай 10 февр. 2026 15:32

Қазақстанда 10 мың гектардан астам жері бар шаруаларға мал шаруашылығын жүргізу міндеттелуі мүмкін. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған жаңа шараларды таныстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жаңа талапқа сәйкес, ірі жер пайдаланушылар тек егін шаруашылығымен шектелмей, мал шаруашылығын да қатар дамытуы тиіс. Егер бұл міндет орындалмаса, мемлекет жерді кері қайтарып алу тетіктерін қолдануы ықтимал. Үкімет бұл қадамды ауылдық жерлердегі маусымдық жұмыс салдарынан туындайтын жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шара ретінде түсіндіреді.

Қазіргі таңда өсімдік шаруашылығы қарқынды дамып жатқанымен, мал шаруашылығының өсімі небәрі 2–3 пайыз деңгейінде қалып отыр. Осы саланы жандандыру үшін бірқатар қолдау тетіктері ұсынылды. Атап айтқанда, асыл тұқымды мал сатып алуға жеңілдетілген несие беру, малшылардың балаларына білім гранттарын бөлу, отарлы мал шаруашылығын дамыту және қолдан ұрықтандыру технологияларын енгізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар 2026 жылы Жамбыл облысында Fufeng Group компаниясының жүгеріні терең өңдейтін ірі зауыты іске қосылады. Жоба жылына 3 миллион тонна жүгеріге сұраныс қалыптастырады. Ал қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 1 миллион тонна ғана жүгері өндіріледі.


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove