Жаңа әліпби – ұлы дәуірдің бастауы

Dalanews 10 нояб. 2017 13:34 1519

Алматы  облысының  ақпараттық тобы латын әліпбиінің маңыздылығын түсіндіру бойынша  жұмысын жалғастыруда. Осы күнге   дейін он үш аудан мен екі қаланың халқымен жүздескен топ мүшелері түсіндірме жұмысымен айдынды Алакөл ауданына табан тіреді.

Елбасының қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы  Жарлығын  алакөлдіктер  қуана қолдауда.  Ел қуанышы   аудан көлемінде өткізілген  форум  аясында  байқалды.

Зейнеп Қойшыбаева атындағы Мәдениет үйінде  өткен «Жаңа әліпби –ұлы дәуір бастауы» атты  облыстық қолдау форумының алғы сөзі  аудан әкімі Әлібек Жақанбаевқа берілді. Аудан басшысы Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өңір бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті. Соның ішінде Елбасыныңлатын графикасына көшу туралы ерекше тоқталы.

Латын әліпбиіне көшу – Елбасымыздың  алға қойға  ауқымды мақсаты. Әліпбиді өзгерту, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі үшін қажет – «Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» атты облыстық қолдау форумында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы, топ жетекшісі Айдар Башбаев осылай деді.  Өз сөзінде ол  латын графикасына көшудің маңыздылығын айтып өтті.

Форум аясында топтың белді мүшелері «Өлке» ЖШС директоры Мейрам Жанәділов,  облыстық «Жетісу» газеті редакциясының меңгерушісі Қуаныш Тұнғатар  да сөз алып, латын графикасына көшу туралы салмақты ойларын  ортаға салды.

«Жаңа әліпби – ұлы дәуір бастауы» атты облыстық қолдау форумында  аудандық Аналар кеңесінің төрағасы,  Алакөл ауданының  Құрметті азаматы  Ұлжалғас Дүйсебаева  Елбасының қазқ тілі әліпбиін латын графикасына көшу туралы өз ойымен бөлісті.  Ол латын қарпі бізге таңсық дүние еместігін, әлемде кеңінен қолданатындығын айтты. –Латын әліпбиіне көщу ұлтымыздың санасын бүғаудан бостып, түркі  және жаһандық әліпбимен ықпалдасуға, қазақ халқы ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық сананың жаңғыруына жол ашады» - деді.

Ал «Алакөл»  аудандық газетінің тілшісі Алмат Есенбеков облыстық қолдау форумының үндеуін жария етті.

«Латын қарпі – баянды  болашақтың  әліпбиі, кемел келешектің кепілі. Латын графикасы  ғылым мен білімнің, жаңа технология мен жалпы дамудың  әліпбиі саналадаы.Ұлттық санаға ұйыған  ұлағатты  ұрпақ  жаңғырудың жазуымыздан бастау алу керектігін бек түсінеді. Қазақ руханиятының рухани азығы  тілінде жатыр. Тіліміздің жаңғыруы күллі алаш баласының қайта түлеуі, рухани жандануы деп білеміз». Алакөлдіктер  Елбасының қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру туралы  Жарлығын  қолдап, қауаттайды делінген үндеуде.

«Жаңа әліпби –ұлы дәуір бастауы  атты облыстық қолдау форумы аудан өнерпаздарының концертіне ұласты.

Осы күні Алматы облысының ақпараттық топ мүшелері  ауданға қарасты Қабанбай және Екпінді ауылдарыныың халқымен жүздесті.

 

https://dalanews.kz/31877

Рекомендовать
Последние новости