Жамбылдағы жанармай бекетінде мотоцикл жүргізушісі пышақ жарақатын алды: сот үкімі шықты

Сағыныш Сардарова 31 июл. 2025 11:18

Сәуірде Жамбыл облысындағы жанармай бекетінде мотоцикл жүргізушісі пышақ жарақатын алды. Сот күдіктіге үкім шығарды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында суық қаруды заңсыз алып жүргені және бұзақылық ниетпен адам өлтіруге оқталғаны үшін Ә.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

2025 жылы сәуірде сотталушы Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінен шығып келе жатқанда жәбірленуші Я.-мен соқтығысып қалған. Сотталушы Ә. болмашы сылтауды пайдаланып, бұзақылық пиғылмен пышақты алып, жәбірленуші Я.-ның арқа тұсынан келіп, екі рет пышақ соққысын жасаған. Салдарынан жәбірленушінің арқасына және оң жақ кеуде тұсына жарақаттар салған.

Сот үкімімен Ә. ҚК 287-бабының 1-бөлігі, 24-бабының 3-бөлігі - 99-бабы 2-бөлігінің 9) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 11 жыл 3 ай мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот Ә.-ден 500 мың теңге моральдық зиян және 1,3 млн теңгеден аса залал сомасын өндірді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Рекомендовать
Последние новости