Жалған кәсіпкерлік терроризммен теңестірілуі мүмкін

Dalanews 12 мар. 2017 11:12 974

Елімізде жалған кәсіпкерлікпен айналысқандардың қылмысы  терроризммен теңестірілуі мүмкін. Бас прокуратура салық төлеуден қашып,  алаяқтық жолмен пайдаға кенеліп жүргендердің жазасын қатаңдатуды ұсынды.

Өйткені, еліміздегі көлеңкелі бизнесті қорғаштап отырғандардың көбі лауазымды адамдар екен. Мәселен, былтыр жалған кәсіпкерлік пен контрабанданы тұрақты лобби жасап келген жоғары қызметтегі 50 азаматқа қатысты іс тіркелген. Салдарынан қазынаға 7 миллиардтан астам шығын келіпті.

Сондақтын, прокурорлар заңсыз бизнес ашып, қаржы пирамидасын құрғандарға жазаны қатаңдату қажет деп отыр. Ол үшін Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізу керек. Қазір жалған кәсіпкердің мемлекетке  келтірген шығыны 42 миллион теңгеден аз болса, әкімшілік жазамен құтылады екен.

Ал Салық кодекісіне, прокурорлар керісінше, жеңілдік жасауды ұсынды. Яғни, заңды түрде кәсіп ашқан адам білместіктен немесе  байқаусызда салық төлемесе, қылмыстық жазадан босатылуы мүмкін.

Өз кезегінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов:

– Жұмыс жасап жатқан кәсіпкерлер бірінші салық төлемей, сол дәлелденіп жатса, өзі соны мойындап, өзі төлеп жатқан кезде, сол кезде оны қылмыстық жауапкершіліктен бостауға мүмкіндік бар. Өйткені басқа кеден саласында сондай нормалар бар – дейді.

 

Дереккөзі: КТК арнасы

Рекомендовать
Последние новости