«Ысырапшылдыққа жол жоқ»: Түркістан облысының әкімі шенеуніктерді жауапқа тартуды тапсырды

Ақтоты Жапатова 20 июн. 2025 15:00

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров мемлекеттік сатып алу саласында заңбұзушылықтарға жол берген аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары мен облыстық басқарма басшыларының тәртіптік жауапкершілігін қарауды тапсырды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz

– Мемлекеттік қаржы әр тиынына дейін тиімді жұмсалуы қажет. Қолға алынған барлық жобалар уақтылы әрі тиімді жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекеттік қаражат тек әлеуметтік маңызы бар, халыққа пайдасы тиетін жобаларға ғана бағытталуы керек. Ысырапшылдыққа жол берілмейді. Қажетсіз жобалар үшін қаржы шашу тоқтатылсын. Әр басшы жауапкершілікті сезінсін, – деді Нұралхан Көшеров.

Әкім мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің барынша ашық жүргізілуі қажет екенін ескертті. Ол үшін заң бұзушылық жиі тіркелген аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардың рейтингін жасап, жүйелі түрде шара қолдану қажеттігін атап өтті.

– Әрбір басшы өз саласына жауап беруі тиіс. Тәртіп пен жауапкершілік бірінші орында тұруы керек, – деді Нұралхан Көшеров.


Рекомендовать
Последние новости