Ішіп алып, саунада төбелес шығарған шенеунік әкімдікте қызметке тағайындалды

Көркем Алдабергенова 14 мая 2024 12:09 5260

2017 жылы ішіп алып, төбелес шығарған Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Әнуар Самиев Балқаш әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол мас күйде саунада жүріп, «Балқаш су» қызметкерін соққыға жыққан болатын. Жәбірленуші сол күні саунадан әрең қашып кеткен. Артынша қаладағы Орталық қалалық ауруханаға барған. Ол травмотология бөліміне жатқызылды.

Түрлі жарақат алған жәбірленуші антикор мен полицияға жүгінген. Ол кезде Самиев қатаң сөгіспен құтылып кеткен.

13 мамырда Әнуар Сәмиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктегілер айтты.

Сәмиев мемлекеттік органдарда 15 жыл жұмыс істеген. 2023 жылдан осы уақытқа дейін «Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған еді.


Рекомендовать
Последние новости