І Халықаралық вебинар – жас ғалымдардың тәжірибе алмасу алаңы

Dalanews 14 мая 2020 09:03 944

Қазіргі таңда білім мен ғылымның қарқынды түрде өзгеру заманында еліміздегі жас педагог-ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыру – бәсекеге қабілетті елдер қатарына алып баратын басты баспалдақ деп есептеймін.

Қазіргі таңда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлының қолдауымен және екі университет арасындағы өзара келісім шарттың негізінде Түркия мемлекетіндегі Анкара университетінде «Психология және Кеңес беру» мамандығы бойынша Пост докторантура бағдарламасы аясында білімімді жетілдіру барысындамын.



Шетелде бір жыл білімімді шыңдап, тәжірибемен алмасу мүмкіндігіне ие болуым - университет басшысының жас ғалым-педагогтарды қолдап жатқандығының басты айғағы деп білемін.

Қазақстанның болашағы жастар болғандықтан, артылар үмітте зор болмақ. Сол себепті Түркиядағы бір жылдық тәжірибеге сүйене отырып, мынадай бір ой түйдім. Әсіресе, қазіргідей әлемді үрейлендірген Короновирус пандемиясы орын алған уақытта барлығымызға ғылымның қаншалықты маңызды екендігін көрсеткендей болды. Елімізді жаңашылдыққа бастайтын және тың серпілістерге жетелейтін алдыңғы қатарлы қауымның өкілдері – ғалымдар екендігін ескерсек, онда еліміздегі әрбір жас педагог-ғалым жаңашыл идеяларға толы, креативтілікке ие және қазіргідей цифрлық кеңістікте білім берудің жоғары инновациялық технологияларымен қаруланған болуы қажет. Сондықтан ғылым мен білімді қатар алып жүре отырып, таңдаған кәсіби жолымызды қоғам дамуына арнауымыз қажет деп есептеймін.

Білім саласындағы болып жатқан өзгерістердің қозғаушы күші – жас педагог-ғалымдар екендігін ескере келе, олардың ғылыми-педагогикалық әлеует сапасын арттыру мақсатында еліміздегі жас педагог-ғалымдардың тәжірибе алмасу платформасын құрсақ деген ой келді. Себебі, әр жас ғалым өз саласының үздігі болып танылады, зерттеу бағытына қарай ауқымды зерттеулер жүргізіп, жобалаларға қатысып жүргендігі сөзсіз. Алайда, сол озық ойлы жастардың арасындағы байланыс көпірлері жеткіліксіз.



Жеке өзім 2018 жылы Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында құрылған Қазақстан жас педагог-ғалымдары Қауымдастығының мүшесі ретінде, осы Қауымдастық аясында ұйымдастырылған республикалық іс-шаралар барысында біраз шыңдалдым десем болады. Себебі, өзің сияқты айтар сөзі бар жалындап тұрған жас ғалымдармен ой-пікір алмасып, тәжірибе алмасу барысында шыңдалуға мүмкіндік аласың. Сондықтан, Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Такир Оспанұлының басшылығымен және Қазақстан жжас педагог-ғалымдары Қауымдастығының қолдауымен тұңғыш рет «Ғылым мен білімнің даму болашағы: жас педагог-ғалымдардың заманауи көзқарасы»  тақырыбындағы жас педагог-ғалымдардың І Халықаралық вебинарын ұйымдастыруды қолға алдық. Оған тек қана еліміздегі жас педагог-ғалымдар ғана емес, шетелде білім алып жүрген қазақ жастары да қатысуда. Вебинарға қатысушы спикерлер саны – 45, «Zoom» платформасы арқылы күнде қосылып, зерттеу жұмыстарын баяндама түрінде ұсынуда. 07 мамыр күні басталған іс-шарамыз 21-ші мамырға дейін жалғасады.

Қазақстан жас педагог-ғалымдарының диалог алаңын құруға бағытталған І Халықаралық вебинары алдағы уақытта да өз жалғасын табатындығы сөзсіз. Себебі, мұндай ауқымды іс-шаралар мен жобалар жас педагог-ғалымдарының бір-бірімен оқыту мен тәрбиелеудің тиімді технологияларымен алмасуда, ғылыми-зерттеулер жүргізуде маңызы зор деп ойлаймын.



І Халықаралық вебинар барысында баяндама жасаған спикерлермен таныстыруды жөн санап отырмын. Олар:

Дәуренбеков  Қуаныш Қойшығұлұлы, Болашақ университетінің ректоры, т.ғ.к., (Қызылорда) - «Заманауи технологиялар арқылы жоғары білімді мамандар даярлаудың мәселелері мен даму перспективалары»;

Жакипбаев Бибол Ермуратович, «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша PhD доктор, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Л.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің геологиялық факультетінің тағылымгері, (Мәскеу, РФ) - «Ге[мм]ология и синтезрубина. Плавление в пламени»;

Қалдыбай Қайнар Қалдыбайұлы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, «Қоғамдық ғылымдар» кафедрасының қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушы, PhD доктор, (Түркістан) - «Сапалы ғылыми мақалалар қалай жазылады?»;

Байшемиров Жарасбек Дуйсембекович, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті«Математика және математикалық моделдеу» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD доктор «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты (Англия, Франция), «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2019», (Алматы) - «Numerical Validation of Governing Equations for the Chemical Compositional Simulation»;

Қуаныш Жұмабек, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, PhD доктор, Түркия мемлекеті, Өмер Халисдемир университетінің түлегі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, (Алматы) - «Қазақ және түрік тілдеріндегі тіларалық омонимдік жұптар»;

Калиев Дастан Дүйсенұлы, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының магистрі, (Қостанай) - «Жастардың көшбасшылық қабілеттерін дамытуда дебат технологиясының рөлі»;

Мұхит Төлеген, Түркия мемлекеті Ержиес университетінің PhD докторанты, (Түркия) - «Қазіргі оқу-тәрбие үдерісіндегі этнопедагогикалық құндылықтардың маңызы»;

Молдамуратов Жангазы Нуржанулы, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің "Құрылыс және материалдар өндіру" кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор, PhD доктор, (Тараз) - «Еліміздегі гидротехникалық нысандардың жағдайы және олардың экономикаға әсері»;

Алиханов Қуантар Дәуленұлы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PhD доктор, (Алматы) - «COVID 19 пандемиясы жағдайында санитариялық-гигиеналық шаралардың маңызы»;

Оралбекова Әлия Құрбанқызы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, «ЖОО-ның үздік оқытушысы - 2019», (Шымкент) - «Инклюзивті білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке бейімдеу үшін «Әлемді тану» компьютерлік білім беру бағдарламасын жасау»;

Асылтай Тасболат, Нұр-Мүбарак университетінің PhD докторанты, дінтанушы, (Алматы) - «Қазіргі ислам ақыл-ойының тарихы мен басты парадигмалары»;

Жакиев Нурхат Куандыкович, Назарбаев Университетінің аға ғылыми қызметкері, PhD доктор «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, Тұңғыш Елбасы қоры тағайындаған мемлекеттік сыйлықтың Иегері, (Нұр-Сұлтан) - «Болашақ мамандықтарының бірі – модельдеуші маманы туралы»;

Ләзиза Нұрпейіс, Сакарья университетінің PhD докторанты (Түркия) - «Түркия мемлекетіндегі қазақ жастарының рөлі»;

Айбек Нәби, Дінтанушы, (Алматы) - «Қазақстанның киелі географиясы»;

Балтабаева Наргиза Смаилқызы - Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті қауымдастырылған профессор (доцент) міндетін атқарушы, PhD доктор, (Алматы) - «Қазақ роман-эссе жанрының қалыптасу тарихы»;

Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, «География және туризм» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, (Алматы) - «Қашықтықтан оқыту жағдайында геоақпараттық ресурстарды пайдалану»;

Данабаева Маржан Айқынқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Дефектология» мамандығы бойынша PhD докторант, (Алматы) - «Нашар көретін бастауыш сынып оқушыларының есептеу дағдыларын дамыту»;

Мұратұлы Дастан, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторанты, (Нұр-Сұлтан) - «Мемлекеттік қауіпсіздіктегі дипломатияның және халықаралық келісімшарттардың рөлі: тарихи сабақтастық пен тарихи талдау»;

Казиева Гүлжан Бекниязовна, Ақтөбе қаласының әлеуметтік жобалар тренер-менторы, (Ақтөбе) - «Өз-өзіңді дамыту жолындағы барьерлермен күресу»;

Мырзабай Сейілбек, Психолог, (Алматы) - «Бала тәрбиесіндегі экзистенция анализі»;

Асанбаева Елдана Бахытовна, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторанты, (Нұр-Сұлтан) - «Қазақ тілін оқытуда кинофильмдерді қолданудың лингводидактикалық мүмкіндіктері»;

Бекболатова Құралай Маратқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, PhD доктор, (Алматы) - «Көркем білім берудегі дәстүрлі және заманауи экодизайн технологиялары»;

Наурызбаев Бауыржан Аманғазыұлы, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің PhD докторанты, (Семей) - «Жасанды интеллект оқытушының көмекшісі ретінде»;

Утепбаева Айгерим Адильжановна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің сырттай бөлім меңгерушісі, п.ғ.м., (Семей) - «Заманауи технологиялардың адамның қабылдауы мен есте сақтау қабілетіне әсері;

Абдраймова Мөлдір Рашидқызы, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, Ғылым және Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы, PhD доктор, (Алматы) - «Күрделі ферритердің синтезі, құрылысы және магниттік қасиеттері»;

Бутабаева Лаура, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Арнайы білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор, (Алматы) - «Жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу жұмысқа баулу»;

Ешметова Балжан Батырхановна, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, «ТҮРКСОЙ» кафедрасының PhD докторанты, (Алматы) - «Мәңгілік ел: өркениеттер қақтығысындағы жастар»;

Измағанбетова Раиса, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының PhD докторанты, (Алматы) - «Жаңартылған білім: оқу үдерісін реттеудегі қалыптастырушы бағалаудың теориялық аспектілері;

Сейтказиев Руслан, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторанты, (Алматы) - «Тарихи білім берудегі орта мектептің оқулық ресурстарымен қатар мифтік әңгімелерді пайдалану»;

Умирбекова Ақерке Нұрланбекқызы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, PhD доктор, (Алматы) - «Бастауыш сынып оқушыларының әлеуметтік және эмоционалдық зияттылығын дамыту мүмкіндіктері»;

Мейркулова Аида Бақытбековна, Гази университетінің «Білім беру бағдарламалары және оқыту» мамандығы бойынша докторанты,  «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты, Кембридж университетінің тағылымгері, (Түркия) - «Мұғалім мамандығының мәртебесі және оны анықтайтын өлшемдер»;

Айткаримов Бауыржан Берікқанұлы, «Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының төрағасы, (Алматы) -  «Еліміздегі жас мұғалімдердің қоғамдық белсенділігі»;

Рыспаева Ардақ Куанышовна, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Педагогика факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары, п.ғ.м., (Ақтөбе) - «Ізгілікті қарым-қатынас қалыптастыруда Абай мұраларының рөлі»;

Айнұр Төлеу, Ақын, әдебиеттанушы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, «Әдебиет пен адамзат» бағдарламасының жүргізушісі, «Отқарақ» өлеңдер жинағының авторы, (Алматы) - «Қазіргі қазақ прозасындағы мифопоэтика»;

Заңғар Кәрімхан,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің PhD докторанты, әдебиет тарихшысы, алаштанушы ғалым, (Алматы) - «Абай және Алаш»;

Айнұр Ахметова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, PhD докторант, (Алматы) - «Қазақстандағы желілік әдебиеттің даму жағдайы»;

Байбол Әлібек, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің PhD докторанты, жазушы-драматург, әдебиеттанушы, сыншы, аудармашы, (Алматы) - «Қазіргі қазақ драматургиясы: генезис, эволюция, стиль»;

Азербаев Аслан Дыбысбекович С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қауымдастырылған профессор, PhD доктор, (Павлодар) -  ««Новое просвещение» и система высшего образования»;

Еркін Рахметуллин, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, «Тарих және саясаттану» кафедрасының аға оқытушысы, (Семей) -  «Алаш қозғалысындағы қазақ меценаттарының қызметі мен тағдыры»;

Жеңісбек Төлен, Тұран университеті, «Халықаралық қатынастар және аймақтану» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, (Алматы) -  «Қазақстандағы жастардың саяси мәдениетінің қалыптасу және даму ерекшелігі»;

Небесаева Жанар Орынбекқызы, Сырдария университеті «Өнер және дизайн» факультетінің деканы, PhD доктор, (Шымкент) - «Өнер. Әлемдегі  болып жатқан жайт»;

Сәулембек Гүлмира Рзаханқызы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, (Алматы) -  «Әдебиеттегі модернизм және постмодернизм»;

Елдос Тоқтарбайұлы, «Руханият» орталығының ғылыми қызметкері, сыншы, жас жазушы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, (Нұр-Сұлтан) -  «Алаш тұлғаларын тану, зерттеу мәселесі»;

Мұрат Қолғанат, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының оқытушысы, п.ғ.м., драматург, сценарист, (Алматы) -   «Бүгінгі қазақ театр өнері және тенденциялар».

Ғылымның бірінші мақсаты – проблемаларды шешу, әлемдік дәрежеде көріну. Бізде сол әлемдік дәрежеде өзін көрсетіп, өздерін мойындата білетін жастар көп. Сөзімнің дәлелі ретінде айтып өтейін, І Халықаралық вебинарымызға ректорлық қызметтегі еліміздің жас ғалымы «Болашақ» университетінің ректоры, т.ғ.к. Дәуренбеков Қуаныш Қойшығұлұлы қатысуда. Сонымен қатар, Түркияда білім алып жатқан Лазиза Нұрпейіс, Мейркулова Аида Бақытбековна мен Мұхит Төлеген сынды жас ғалымдар қатысуда. Ал, Ресейде ғылыми тағылымдаман өтіп жатқан Жакипбаев Бибол Ермуратовичтің жас ғалым ретінде үлесі зор. Сонымен қатар, еліміздің ЖОО-да декан орынбасары, кафедра меңгерушісі және ғылыми қызметкер ретінде еңбек етіп жүрген жас педагог-ғалымдар және ЖОО-ның үздік оқытушылары мен «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты,  ақын, сыншы, драматург, жас жазушылардың да вебинарымызда өздерінің зерттеп жүрген жұмыстарын ортаға ұсынып, тәжірибелерімен бөлісуі көңіл қуантады.

Алдағы уақыттарда да елімізде және шетелде білім алып жүрген қазақ жастарымызбен байланыс орнатып, цифрлық білім беру аясында тәжірибе алмасуды әдетке айналдыруымыз қажет деп ойлаймын. Себебі, қазір әлемнің түкпір-түкпірінде білім алып жүрген жас ғалымдармен байланысу мүмкіндігі бар. Бір мақсат пен ортақ мүддеге бағытталған І Халықаралық вебинарын ұйымдастырған себебіміз де осы болатын.

Елбасымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы бір сөзінде: «Қазіргі дәуір еркелікті, жалқаулықты, немқұрайлылық пен масылдықты көтермейді. Егер, ғылымнан он жыл артта қалсақ, онда оның орнын жүз жыл да толтыра алмайтынын естен шығармауымыз қажет» деп атап өткеніндей, жаңалықты жасайтын бүгінгі күннің жасампаз, жаңашыл жас педагог-ғалымдары бірлесіп жұмыс жасау үшін, жұмылып бір жұдырыққа айналуымыз қажет. Сонда еліміздің дамуы ілгері жылжитындығы сөзсіз.

Эльмира УАЙДУЛЛАҚЫЗЫ


Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы,


PhD доктор, Түркия мемлекеті Анкара университетінің «Психология және Кеңес беру» мамандығы бойынша Пост Докторант


 

 

 

Рекомендовать
Последние новости