Грекияда арал өртенді: Қазақстанның СІМ мәлімдеме жасады

Сағыныш Сардарова 24 июн. 2024 10:24 2811

БАҚ-та Грекияда қазақстандықтар орман өртіне себеп болғаны туралы ақпарат тараған еді. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі осы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оқиға Грекияның басты туризм орталықтарының бірінде болған. Аралға демалуға келгендер яхтадан отшашу атқан, артынша бұл орман өртіне себеп болған.

Гидра мэрі Гиоргос Кукудакис әкімшілік өртті ұйымдастырған шетелдіктерді сотқа беруге ниетті екенін де айтқан.

Orda.kz мәліметінше, яхтаны жалға алған кәсіпкер Данияр Абылғазин.

"Кейінірек яхтаны Данияр Абылғазин жалға алғаны белгілі болды, алайда кейін ол Қазақстанда екені хабарланды", - деп жазды басылым.

Дегенмен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді.

"Қазақстанның консулы бұл ақпарат жарияланғаннан кейін осы іске қатысты бірден Грекия билігіне хабарласты. Полицияның мәліметіне сәйкес, ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ және оларға ешқандай да талаптар қойылмаған", - деп жазылған ведомство хабарламасында.


Рекомендовать
Последние новости