Ғылыми-медициналық зерттеулер - лудоманияға қарсы күресте бірінші міндет

Сағыныш Сардарова 29 апр. 2024 19:31 2078

Лудомания алкоголизмге немесе нашақорлыққа ұқсас ауру, мәжбүрлі түрде емдеуді қажет етеді. Алайда талайдан бері қазақстандық қоғамда талқыға түскен мәселеге қатысты заңдағы түзетулер жайлы мәжілісмендер жақ ашпайды. Мәселенің төркініне үңілмей, жауырды жаба тоқып, бар жауапкершілікті жарнама мен букмекерлік ұйымдардың қызметіне аудара салуға тырысады. Бұл тәсіл қаншалықты заңды әрі дұрыс?

Бұл Астанада өткен және букмекерлік кеңселердің жарнамасына шектеулердің медиа жарнама нарығына әсерін талқылауға арналған пікірталас барысында қозғалды.

Іс-шараны өткізуге мәжілісмендердің «Ойын қызметі туралы» заңға кезекті қатаң түзетулерді енгізуі себеп болған.

Сонымен қатар, Қазақстандағы букмекерлік қызмет ойын-сауық индустриясының заңды және мемлекет реттейтін сегменті болып табылатынын еске саламыз. Бұған қоса,спорт пен онлайн казиноларға ставкаларды, сондай-ақ «гэмблинг» терминімен жалпыланған құмар ойындардың басқа түрлерін нақты ажырату өте маңызды.

«Спорттық ставкалар спортпен тығыз байланысты және кездейсоқтыққа емес, спорттық оқиғаларды мұқият талдауға және түсінуге негізделген. Ойын бизнесін реттейтін заңнамада құмар ойындар мен спортқа бәс тігу арасында нақты айырмашылық бар. Алайда лудоманияға қарсы заң жобасына айырмашылық ескерілмейді, бұл түбегейлі қате. Сонымен қатар, спортқа ставкалар ақша табу үшін емес, ойын-сауық және футболдан әлем чемпионаты, Олимпиада ойындары, Формула-1 және Moto GP жарыстары, киберспорт турнирлері сияқты жергілікті және әлемдік ауқымдағы маңызды спорттық іс-шаралардың атмосферасына сезіну тәсілі ретінде қызмет ететінін түсіну керек», - деді Қазақстан букмекерлері өзін-өзі реттейтін ұйымның президенті Рауан Кенжалин.

Соған қарамастан, ҚР Парламенті Мәжілісінде қабылданған заң түзетулерінде «Ойын қызметі туралы» заңның екінші оқылымында букмекерлік кеңселер мен казинолардың жарнамасын барынша шектеу көзделген.

«Оларға сәйкес интернет ресурстарда, ресми сайттарда, телеарналар мен радиода, баспа басылымдар мен SMS арқылы жарнамаға толық тыйым салынады. Мұндай жарнамаға тек спорттық нысандарда, спорттық бағыттағы сайттарда, телеарналарда және спорттық іс - шараларда ғана рұқсат етілді», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетов.

Сонымен қатар, мәжілісмендер өскелең ұрпаққа қатысты жарнамалық акциялар мен құмар ойындардың және т.б. пайда болуына қатысты тыйымдарға ерекше назар аударады.

Барлық тармақ бойынша шектеулер өте маңызды болғанымен, осының бәрінен кейін Қазақстан аумағында букмекерлік бизнестің қаншалықты қисынды жұмыс істейтіні туралы сұраққа депутат Айтуар Қошмамбетов «иә, сұрақ, жалпы алғанда, өзекті» деп нақты жауап беругеқиналды. Бұл заң жобасының толығымен пысықталмаған, бірақ екінші оқылымда қабылданған және біржақты тыйым салуға бағытталғанын көрсетеді.

Сонымен бірге, Қошмамбетовтың әріптесі, депутат Ислам Сұңқар «тұтынушылардың көпшілігі әлі де заңсыз ойын интернет ресурстарында» екенін айтып, өз сөзіне өзі қарсы шықты. Бұған қоса, бәрін байыпты түрде реттеу керек, өйткені «Ойын қызметі туралы» заң көп жағынан «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңмен қабысып, қарастырылады.

«Шынында да, мұндағы мәселенің біріұйымдастырушылардың шетелде болуы. Бұл мәселені сан рет көтердік, мұндай заңсыз нарық мемлекет тарапынан бақылау жоқ жерде құмар ойынның өрістеуіне жол ашады. Осыған байланысты, біз құмар ойынды ғылыми зерттеумен қатар, шетелдік заңсыз ұйымдастырушылардың үлесін азайтуға бағытталған заңнамалық шараларды енгізу қажет деп санаймыз», - деді Рауан Кенжалин.

Депутат Никита Шаталовтың пікірінше, «Құмар ойындарға толық тыйым салу сияқты түбегейлі шаралар кері әсер етіп, ойыншылардың бақыланбайтын көлеңкелі нарыққа кетуіне әкеледі, сондықтан бұл саланы жіті зерттеп, дұрыс реттеуміндет».

Букмекерлік бизнестегі, оның ішінде букмекерлік қызмет саласындағы жарнамаға шектеулерді қозғайтын заң жобасында көзделген түзетулер бойынша букмекерлердің пікірін қарастыру және талқылау өте маңызды.

«Букмекерлік кеңселерді ұйымдастыру туралы ұмытпау керек, оның қызметіне белгілі бір шектеу болса да, рұқсат етілген шеңберде қарастырылуы қажет. Бұл бизнесті елде қалдырған жөн», - деді мәжілісмен Ислам Сұңқар.

Басқаша айтқанда, бұқаралық ақпарат құралдарында, теледидарда, радиода және интернетте букмекерлік кеңселерді жарнамалауға толық тыйым салу «күтпеген және жағымсыз салдарға» әкелуі мүмкін.

«Заңды букмекерлер өздерін жарнамалау мүмкіндігінен айырылған кезде, олардың орнын заңсыз операторлар мен онлайн казинолар басады. Бұл заңсыз сектордың позициясын нығайтып қана қоймай, жалпы мемлекетті ойын саласын реттеу мүмкіндігінен айырады. Сонымен қатар, тек бір спорттық телеарнадағы жарнаманы шектеу осы нарықтың монополиялануына әкелуі мүмкін, бұл нарықтағы бәсекелестікке кері әсер етеді. Бұл БАҚ тәуелсіздігіне қауіп төндіреді, Мемлекет басшысы жариялаған демократияландыру мақсатына қайшы келеді. Қосымша жарнамалық бюджеттер БАҚ-тың қаржылық және редакциялық тәуелсіздігін қолдау үшін шешуші мәнге ие екенін атап өту маңызды, бұл қоғамның дамуына өте қажет», - деді өзін-өзі реттейтін букмекерлік ұйымның президенті.

«Спорттық тікелей трансляциялардың демеушілігі мен серіктестігі туралы айтпағанда, тек БАҚ-тағы тікелей жарнаманың шығыны 18 миллиард теңге. Сонымен қатар, бұл сапалы контент пен трансляцияны өндіруге арналған ресурстардың төмендеуіне, аудиторияның жоғалуына әкеледі. Соның нәтижесінде қазақстандықтардың ұлттық медиа кеңістіктен шығуына апарады. Жұмыс орындарының жоғалуы, жақсы мамандардың кетуі, бюджетке түсетін түсімдердің айтарлықтай қысқаруы туралы да ұмытпау керек», - деді Орталық Азия жарнама қауымдастығының атқарушы директоры Анна Тютькова. Өкінішке қарай, бұл регрессияның бастамасы ғана болуы мүмкін. Бұл ашық және жасырын тәуелді ойыншылардың көбеюіне де қатыстымәселе.

«Лудомания іс жүзінде біздің салаға елеулі зиян келтіреді, бұл банктер мерзімі өткен қарызы бар қарыз алушылардың кесірінен бастан кешіретін салаға ұқсас. Мұндай тәуелділігі бар адамдарға бұл негізгі табыс көзі болып саналмайдыжәне олармен байланысты әлеуметтік мәселелерге байланысты букмекерлік кеңселердің беделіне теріс әсер етеді. Өйткені, букмекерлік индустрия өкілдері лудоманияның таралуына қарсы күрес бойынша күш-жігерді қатты қолдайды және тиімді қарсы тұру стратегияларын әзірлеу үшін осы мәселені зерттеуге белсенді қатысады. Мәселені шешпес бұрын, оны белгілі бір масштабтармен, статистикамен және сандармен белгілеу керек», - деді Рауан Кенжалин.

«Бұл мәселе қатысты статистика жоқ деп айтылады ғой, шын мәнінде олай емес. Ресми түрде республикада тоғыз адам құмар ойынның тұзағына түседі, бірақ іс жүзінде одан да көп болуы мүмкін. Бұл ретте Парламент Мәжілісінде «Ойын қызметі туралы» заң бар, ал денсаулық туралы кодексте жоқ. Тіпті, «лудомания» деген ұғым жоқ. Басқаша айтқанда, бұл індеттің табиғаты да, емдеу әдістері де анықталмаған. Бізде жиі қолданылатындай ең оңайы тыйым салу», - деді Қазақстанның өзін-өзі реттейтін букмекерлік ұйымының президенті.

Яғни, ғылыми және заңнамалық салада лудомания туралы ақпараттың жетіспеушілігіне қатысты мәселе тиімді заңнамалық шараларды әзірлеуге және қолдануға айтарлықтай кедергі келтіреді. Сондықтан, қазақстандық букмекерлік ұйымының пікірінше, негізделген ғылыми-медициналық базаның болуы лудоманиямен байланысты тәуекелдерді азайту үшін өте маңызды болып табылады.

«Ғылыми-медициналық зерттеулер жүргізу лудоманиямен күресте және заңнамалық бастамалар енгізілгенге дейін бірінші кезектегі міндет болуы керек деп ойлаймыз», - депсөзін түйіндеді Рауан Кенжалин.


Рекомендовать
Последние новости