Ғылым мен инновация келешегі – жастардың қолында

Dalanews 02 июн. 2016 21:51 1494

Қазақстан Республикасының  Президенті «Қазақстан жаңа жаһандық  нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауында  техникалық кадрларды даярлау  жүйесін барынша дамыту қажеттігін атап өтті,  дағдарысты басқарудың және құрылымдық өзгерістердің бес бағыттарын айқындады. Ол үшін дамыған елдермен бірлесіп, кадрларды даярлау бойынша орталықтарын ашуды ұсынды. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. Мұны тек тиімді ғылыми-инновациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады. 

abiator_dalanewsАзаматтық авиация академиясының профессорлық-оқытушылар құрамының алдына қойылған  міндеттері күрделі және сан қырлы. Мұнда сала үшін жоғары білікті мамандарды дайындауға үлкен мән берілетіндігін атап өткен жөн, яғни бұл – жауапкершілік Академияның Қазақстан Республикасы мен Орталық Азиядағы жалғыз оқу-әдістемелік  және білім беру орталығына айналуына мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда, Азаматтық авиация академиясында авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы жұмыс істейді және ИКАО аймақтық ресми сертификаттаудан өтті. Сонымен қатар, Академияда «Airbus-320», Boeing-737», «ALSIM» және Финляндия, Испания, Литва елдерімен бірлесіп ұшқыштар даярлау жобасын іске қосты. Айта кететін мәселе, Қазақстанның Халық Қаһарманы, еліміздің Үшінші  ғарышкері  А. Айымбетов мырза  біздің Академияда болып, оның жетістіктерін көріп, өзінің ризашылығын білдірді.

Азаматтық авиация академиясында ғылым және инновацияны дамыту мақсатында  көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, 2016 жылға арналған Стратегиялық жоспар даярланды және Академия ректорымен бекітілді.

Стратегиялық жоспар 7 бөлімнен тұрады:

  1. Импакт-фактормен мақалалар дайындау (Scopus, Thomson Retours);

  2. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары;

  3. Ғылыми-зерттеу жұмыстар басылымының нәтижесі (оның ішінде патенттер, авторлық куәліктер алу);

  4. Конференцияларға, ғылыми семинарларға, конкурстарға қатысу (халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары арасында);

  5. Студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары;

  6. Сараптау жоспарына қосуға даярланған Азаматтық авиация академиясының студенттеріне арналған оқу әдебиеттерінің тізімі;

  7. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерге арналған басылым жоспары.


Аталған стратегиялық жоспар негізінде Азаматтық авиация академиясында 7 ғылыми жоба бекітілді. Олар: Континенттік климаттық жағдайларында жеке тұтынушыларды автономды электрмен жабдықтау үшін күн фотоэлектрлік жүйесін әзірлеу; Құрама энергоқондырғылы  электромобильдердің пайдалану сипаттамаларын арттыру; Аудио және бейнежазбалар пакетін қазақ тілінде әзірлеу бойынша бағдарламалар; Инновациялық – білім беру кластері «Қазақстанның Азаматтық авиациясы»; Бір секциялық кеңістіктік көппішінді серпімді арнайы құрылымды манипулятор роботты әзірлеу; Азаматтық авиация саласы үшін қазақстандық мамандарды даярлау; Инновациялық зертхананы компьютерлік-графикалық құрал-жабдықтарын ұйымдастыру.

Бүгінгі таңда 3 жоба бойынша  нақты жұмыстар атқарылып, гранттық конкурстарға даярлануда. Академия оқытушыларының, студенттерінің, жас ғалымдардың ғылыми жұмыстарының рейтингін көтеру мақсатында Springer компаниясымен семинар өткізілді.

Сонымен қатар, Азаматтық авиация академиясы «Мерзімді басып шығару және ақпарат агенттігі есебіне қою туралы» куәлік алған болатын. Осы куәлік негізінде желтоқсан айында «Азаматтық авиация академиясының жаршысы» ғылыми журналының бірінші саны жарыққа шықты.

Журналдың мазмұны 4 бөлімнен тұрады:

  • Инновациялық технология және авиациялық техника;

  • Көліктік логистика және авиациялық қауіпсіздік;

  • Ғылымның, білімнің және бизнестің интеграциясы;

  • Стартап жобалар және жас ғалымдар мінбесі.


Аталмыш  журнал басылымында ғылым және білім жүйесін дамытудың басым бағыттарын талқылау көзделіп отыр. Қазіргі жаһандану  заманында қоғамда орын алып отырған инновациялық-технологиялық үдерістер жағдайында, отандық жоғарғы кәсіби білімді және ғылымды жаңғыртудың заманауи мәселелерін зерттеу және талдау – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан бұл ғылыми көпшілік журнал Академия оқытушылары мен магистранттары, докторанттары және жас ғалымдары үшін өте қажет болып табылады. Журналдың екінші саны басылып шығуда.  Бұл санда журналдың мазмұны әр қырынан ашылған және авиация саласының жаңалықтарымен бөліседі.

abiator_dalanews (2)Студенттер мен магистранттардың ғылым және инновация бағыты бойынша ізденіс жұмыстарымен айналысуына жағдай жасалған, осы негізде Академия базасында «Жас ғалымдар кеңесі» құрылған. Кеңестің алдына қойған нақты мақсаттары мен міндеттері, бекітілген «Ережесі», жұмыс жоспары бар. Жоспар негізінде алғашқы «Ғылыми және  ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Ғылым күніне орай 2016 жылғы 12 сәуірде Академияда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл толуына» арналған студенттер мен жас ғалымдардың жоғары оқу орындары арасындағы «Азаматтық авиациядағы инновацияны ынталандыру» интеграция және коммерциализация тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Конференция қорытындысы бойынша ғылыми жұмыстары жоғары бағаланған студенттер мен жас ғалымдар және олардың ғылыми жетекшілері мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды және осы конференцияның ғылыми жұмыстар жинағын шығару жоспары іске асуда.

Азаматтық авиация академиясының кітапханасы студенттер, жас ғалымдар, оқытушылар үшін қызмет етеді. Кітапхана заманауи әдебиетпен жабдықталған, электрондық кітапхана интернет желісімен толық қамтылған,  оқырман залында авиация саласында білім алуға қажетті оқулықтар жеткілікті.

С.С. ЕСПАЕВ, экономика ғылымдарының докторы, Азаматтық авиация академиясының ғылым және инновация жөніндегі проректоры

 

 




Рекомендовать
Последние новости