Еуразия және Еуропа: әріптестік болашағы қандай?

Dalanews 10 июн. 2016 03:17 978

 

«Еуразия әлемі» пікірсайыс клубында бас қосқан сарапшылар «Еуразия және Еуропа: әріптестік болашағы қандай?» деген тақырыпты талқыға салды. 

Жиынның шымылдығын түрген саясаттанушы Эдуард Полетаевтың пікірінше Еуразиялық және Еуропалық одақтың бірігіп жұмыс жасайтын мүмкіндігі мол. «Биылғы жылдың күзінде екі Одақтың біріккен форумы өтуі тиіс. Осы форумда әріптестік мәселесі кеңінен талқыланады деп ойлаймын» дейді бұл ретте Полетаев.

Ал саясаттанушы Андрей Чеботаревтың айтуынша Еуразиялық және Еуропалық одақтың тиімді жұмыс істеуі үшін Ресей Минскі келісімшарттарын орындауы қажет. «Еуроодақ  Мәскеуге дәл осындай талап қойып отыр. Бұл арада Еуроодақ өз мүддесін көздеп отыр» деді ол.

Журналист Владислав Юрицынның пікірінше, Еуроодақ Еуразиялық одаққа әріптес емес, бәсекелес. Сондықтан әріптестік мәселесі көтерілгенде экономикалық мүддені ұмытпау керек.  Ал журналист Сергей Козлов болса: «Еуропалықтар, оның ішінде Батыс журналистері, сарапшылар, саясаттанушылар Еуразиялық одақты экономикалық одақ ретінде қарастырмайды. Олар бұл одақты Ресейдің жобасы деп санайды және осы одаққа біріккен өзге мемлекеттердің Мәскеудің айтқанымен жүреді деп есептейді» деген пікір білдірді.

Отырысты түйіндеген тарихшы Болат Сұлтанов өз кезегінде: «Екі Одақтың бірігіп жұмыс істеуі орындалмас арман. Себебі, Батыс ешқашан да Ресейді құшақ жая қарсы алмайды. Батыс әлемі Ресейді өз өркениетіне қабылдағысы келмейді» деген пікір білдірді.  

Рекомендовать
Последние новости