Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту – әкім назарында

Dalanews 02 нояб. 2019 03:26 779

Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов таңғы аралау кезінде Есіл өзенінің арнасын қайта жаңарту барысымен танысты.

Қазір өзен түбін тереңдету және ұзындығы 2 шақырымнан астам арнаны кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Негізгі мақсаты-қала аумағын тасқын су басудан қорғау. Бұдан басқа, жағалау аумағы абаттандырылады: жарықтандыру тіректері, орындықтар, урналар орнатылады және брусчатка салынады. Бөгет құрылысының аяқталу мерзімі-2020 жыл, арнаны қайта жаңарту ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.


Рекомендовать
Последние новости